155
Сурет салуға қарағанда құрастыру іс-әрекеті мүлдем басқаша
ұйымдастыруды талап етеді. Мәселен, көтергіш кранға қараған бала
өз қабылдауында алдымен оның көзге түсетін бөлшектерін, яғни жүк
ілінген иінді, кран басқарушы отыратын кабинаны, кранды жүргізетін
доңғалақтарды өзгеден бөле қарайды.
Кранды бейнелегенде бала
иінді кабинаға қосарлай салады, сосын кабинаға доңғалақтар суретін
тіркейді. Суретте бұл қате сияқты болып көрінбейді, өйткені сыртқы
ұқсастық пен кранның атқаратын қызметі мүлде қанағаттанарлықтай
күйде берілген.
Алайда, кран туралы өзінің осындай ұғымын сурет арқылы берген
бала кранды құрастыруға кіріскенде өз ұғымының қате екенін біледі.
Мысалы, иінді тікелей кабинаға бекіткісі келіп ниеттенгенде сәтсіздікке
душар болады: кран аударылып қалады.
Доңғалақтарды кабинаға
тіркестіргенде бала тағы бір сәтсіздікке ұшырайды. Құрастыру іс-
әрекеті балаға заттың бөлшектері тек көрініс бойынша ғана емес, сол
заттың өзінің ішкі қисыны арқылы да өзара байланысты екенін ашады.
Егер заттың биік, әрі шығыңқы бөлшектері болса, онда олардың бәрін
теңестіретін ауыр тұғыры болуы тиіс. Мәселен, кранның ауыр тұғыры,
яғни платформасы болуы тиіс. Доңғалақтар платформа ернеуіне бір-
бірінен алысырақ бекітілсе, соғұрлым кран орнықты болады.
Құрастыру іс-әрекеті бұл істің өз тәсілдерін құрастыруды
тұрғызумен тексеруде өз тәсілдерін талап етеді.
Құрастыру нәрсені көріп, оның атқаратын қызметін түсіне білуді
дамытады, құрастыратын заттың түрлі бөлшектерінің қасиеттері
жөнінде едәуір толығырақ түсінік алуға мүмкіндік береді. Бір нәрсені
құрастырғанда бала өз тәжірибесі арқылы кейбір бөлшектер кез
келген күйде, ал басқалары тек белгілі
бір қалыпта ғана орнықты
болатындығына, бөлшектерді түрліше ұштастырғанда орнықтылықтың
да түрліше болатынына көзі жетеді. Мысалы, ылғи пластиндерден
берік кұрылыс тұрғызуға болмайды, ал
текшелер мен пластиндерді
ұштастыру арқылы берік үй тұрғызуға болады.
Құрастыру үдерісінде бала бөлшектердің белгілі бір формасы
мен салмағына белгілі құрастыру қасиеттері сәйкес келетінін біледі.
Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:
1) үлгі бойынша құрастыру;
2)
шарттар бойынша құрастыру;
3) ойлау арқылы құрастыру.
Құрастырудың бірінші типі —
үлгі бойынша құрастыру. Балаларға
өздерінін, жасаған құрылыстарында үлгінің орнын алатын белгілі
бір затты жасап шығу ұсынылады. Үлгі бойынша құрастыру түрліше
156
өтеді. Ең қарапайым түрі балалардың көзінше үлгіні жасап шығару
болып табылады. Бала үйді, ұшақты, жүк машинасын немесе басқа бір
затты құрау үдерісін көріп отырады. Мұнда ол үлгіні құрастырған жеке
бөлшектерді жақсы ажырата білуге мүмкіндік алады.
Құрастырудың біраз күрделіленген түріне бала өз көзімен көретін
жинақталған үлгі жатады. Бұл жағдайда баланың алдында жинақталған
бөлшектерді ажырата білу сияқты ерекше міндет тұрады.
Сондықтан құрастырудың басты кезеңі –
үлгіні тексеру. Тексеру
үдерісінде құрастырылатын зат жөнінде
баланың біраз дұрыс ұғымы
қалыптасады. Үлгіні тексерудің негізгі принципі – ірі, басты бөлімдерін
және олардың өзара орналасуын талдау. Мысалы, бала жүк машинасын
құрастыру алдында оның негізгі бөлімдерін (моторды, кабинаны,
кузовты, шассиді) ажырата білмей құрастыруды ұсақ бөлімдерден
бастаса, онысынан ақырында ештеңе шығара алмайды.
Құрастыру іс-
Достарыңызбен бөлісу: