187
алыстатылған зат балаға кішкене сияқты болып көрінеді, бірақ бала
шынында оның үлкен екенін шамалайды.
Егер
суреттің сюжеті балаға таныс, түсінікті болса, сурет жөнінде
ол егжей-тегжей әңгімелеп береді, егер, түсініксіз болса, жекелеген
фигураларды, заттарды санап шығуға кіріседі. Суретті талдап түсіндіру
оның композициясының күрделілігіне байланысты. Мектепке дейінгі
кішкентай көптеген фигуралар, заттар енгізілген композицияны
қамтып, ой елегінен өткізе алмайды. Ұқсас жағдайда ол мазмұннан
аулақтап жеке бір нәрсені «іліп алып», қиялдай бастайды. Мектепке
дейінгі баланың алған білімдерінің, оның өмір тәжірибесінде ересек
балалар композициясы бойынша біршама күрделі суреттерге талдау
жасайтын, оларды жүйелі де егжей-тегжей салыстырып қарайтын,
егер картинканың сюжеті бала білімінің, оның өмірлік тәжірибесінің
шегінен шықпаса дұрыс түсіндірулер беретін жағдайда болады.
Сюжеттік бейнелерге талдау жасау үлкендер берген картинкалар
бойынша әңгімелеп беру үлгілерінің балаларға суреттерді қарауға және
түсіндіруге ықпал етуі арқылы жетіле түседі.
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының
қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен
құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен
уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын,
салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін, тағы басқаларды
дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін
қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді,
ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында
ұқсас дыбыстардың айтылуындағы
аса нәзік айырмашылықтарын есіте
алады. Балалардың кеңістік бағыттарын, заттардың өзара орналасуын,
оқиғалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата
білуі едәуір жетіле түседі.
Достарыңызбен бөлісу: