213
шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке
басының әдеттегінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға
тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен
адамдардың балаларға қатысты мінез-құлқы балада түрлі сезімдер
– қуаныш, реніш, шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір
жағынан еркелетуге,
мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш
пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен
ата-аналарына
аға-інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат,
мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық
білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың
көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен
және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның
орнына
өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе
әділетсіздікке өз басына түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі
жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ ол кейде
тым ауыр жағдайға ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе
жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына қатты ашуланады.
Өзінің
сүйікті кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған
кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан
оқиғаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде
қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы
көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қисынсыз мінез-құлықтарына
байланысты.
Мектепке дейінгі балалық шақта баланың сезімі едеуір дәрежеде
тереңдейді және нығая түседі. Ересектердің
жақын адамдарын
мазасыздық пен күйініштен қорғауға бағытталған шынайы
қамқорлықтың белгілерін көруге болады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де
айтарлықтай өзгереді. Біріншіден, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге
дейін қызу, батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар
бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз
тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс,
дауыс ырғағының
көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік
нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: