20
Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі
Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын
сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады.
Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер
деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені
зерттейтініне байланысты. Былай қарағанда, осы фактылар бізді
барлық жағымыздан қоршап тұрғандай. Әрбір ана, әрбір тәрбиеші
баланың дамуын қадағалап отырады және бала дамуының барысын
айтып, көптеген мысалдар келтіре алады. Бірақ әдеттегі әсер кезінде
басты мәселе екінші кезектегі ұсақ-түйекпен, болжам мен жорамал,
нақты фактылармен араласып кетеді. Ал ғылым бақылаушының жеке
басының әсеріне байланыссыз жасалған және тексеруге болатын кез
келген басқа зерттеуші айта алатын сенімді де объективті фактілерді
қажет етеді.
Атап өткеніміздей балалар психологиясы балалардың психикалық
дамуын зерттейді. Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың
ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі
жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді
есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан
біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың
бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге
асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі
әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы:
бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы)
және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: