№ 9-10 (867) шілде-тамыз 2011 жыл
Бүгінгі таңда рейтинг кеңінен танымал болып келеді, әлемнің 50-ден аса
мемлекетінде түрлі ұйымдар өздерінің ұлттық рейтингілерін жариялауда. Ол
жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін және білім беру жүйесінің сапа
көрсеткішін айғақтайды.
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттік
(БСҚА) соңғы бірнеше жыл бойы барлық мүдделі тараптарға, оның ішінде талапкерлер
назарына да ақпаратты жеткізу мақсатында, органдардың ресми ақпаратын, жоғары оқу
орындарынан алынған деректерді пайдалана отырып, жоғары оқу орындары қызметінің
түрлі аспектілерін зерделеу бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп келеді.
Бүгінгі күнде Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық
агенттік Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының жаңа РЕЙТИНГ – 2011-ді ұсынып
отыр, ол академиялық көрсеткіштер, сарапшылардың бағасы және жұмыс берушілер
арасында жүргізілген сұрау нәтижелерін талдау негізінде құрылған.
Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің 2011 жылғы
қорытындысында жоғары оқу орындарының рейтингісі төмендегіше түзіліпті:
Бас рейтингті есептеу әдістемесі үш құрамдас негізге сүйенеді: 1) бұл жоғары оқу
орындарының академиялық ресурстары сапасының бағасы, ол 60 пайыз; 2) жоғары
оқу орындарының қызметінің сапасын сараптамалық бағалау – 10 пайыз; 3) жұмыс
берушілер мен мемлекеттік мекемелерде жүргізілген әлеуметтік сауалнама – 30
пайыз.
Рейтингі нәтижесімен толығырақ www.nkaoko.kz/rating сайтынан танысуға болады.
Қазақстанның көпсалалы үздік жоғары оқу орындарының бас рейтингі - 2011:
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2. М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
3. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
5. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
6. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
7. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
7. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
9. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
9. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
9. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
9. Инновациялық Еуразия университеті
13. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және
инжиниринг университеті (Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті)
13. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
13. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
16. Халықаралық білім корпорациясы (Қазақ-Америка университеті)
17. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
18. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
19. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Мәлімет «Егемен Қазақстан» газетінен алынды.
№ 301-302, 16 шілде 2011ж.
Білім ордасы үздік ондық қатарында
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
Әбу Насыр әл-Фараби
Ґ
№ 9-10 (867)
шілде-тамыз
2011 жыл
2
М.Өтемісов атындағы БҚМУ магис-
тратурасына 2011 жылдың 1 шілдесінен
бастап 30 шілде аралығында құжаттар
қабылданды.
М . Ө т е м і с о в а т ы н д а ғ ы
Б а т ы с Қ а з а қ с т а н м е м л е к е т т і к
университеті 2011-2012 оқу жылын-
да магистратураның 24 мамандығы
бойынша құжаттарды қабылдады.
Университет магистратура және
докторантураға қабылдауды жүзеге
асыруда Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2008
жылғы 1 сәуірдегі №161 бұйрығымен
бекітілген, 2010 жылғы 9 тамызындағы
№365 және 2011 жылғы 30 мамырдағы
№ 224 бұйрықтармен өзгертулер
ж ә н е т о л ы қ т ы рул а р е н г і з і л г е н
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың
бұйрығымен өңіріміздегі киелі шаңырағымыз – Махамбет Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры лауа-
зымына Иманғалиев Асхат Сәлімұлы үстіміздегі жылдың 27 шілдесінде
тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 28 шілде күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде жаңа басшыны таныстыру
рәсімі болып өтті.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің делегаттары білім ордасының жаңа
басшысы Иманғалиев Асхат Сәлімұлын профессор-оқытушы қауымға таныс-
тырды. Кеш барысында жаңа басшымен танысқан университет ұстаздары
ізгі тілектерін білдірді.
1975 жылы Гурьев теміржол қатынасы техникумының тарих пәнінің оқытушысы
болып бастаған.
Жоғары мектептегі ғылыми-педагогикалық қызметі 1979 жылы Гурьев
педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасының
оқытушысы лауазымымен басталды.
1982 жылы ол Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогика
ғылымдарының ҒЗИ аспирантурасына жіберілді. 1985 жылы кандидаттық диссер-
тациясын сәтті қорғап, Гурьев педагогикалық институтының аға оқытушысы ретінде
қызметін жалғастырады.
1987 және 1989 жылдары Гурьев педагогикалық институтының мектепке дейінгі
оқу және тәрбие факультетінің, тарих-филология факультетінің деканы болып
қызмет жасады.
1989-2000 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, 2000 жылдан бастап осы
университеттің ректоры болып тағайындалды.
1997 жылы А.С.Иманғалиев профессор ғылыми атағын алады. 1999 жылы
педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған
диссертациялық еңбегін қорғайды. 2008-2009 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі.
2009 жылдың наурыз айында «Каспий өңірі Академиясы» Қоғамдық Бірлестігінің
төрағасы болып сайланады.
А.С. Иманғалиев Әлеуметтік ғылым академиясының мүшесі (2000 ж.), «Қазақ білім
академиясының» академигі, (2006 ж.). Ол 100-ден аса ғылыми жарияланымдардың,
оның ішінде 3 монография мен 2 оқулықтың авторы.
Асхат Сәлімұлы – белсенді қоғам қайраткері. 1999 жылдан 2004 жылға
дейін Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып, кейін Атырау облыстық
мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық Саяси
Кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті
сайлауында «Отан» партиясы жанындағы Атырау облыстық қоғамдық штабының
төрағасы, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің сайлауында «Нұр Отан»
партиясы жанындағы Атырау облыстық қоғамдық штабының төрағасы болды.
А.С.Иманғалиев 2005 жылы Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын
нығайту жолындағы сүбелі еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталған.
Сондай-ақ А.С.Иманғалиев келесідей:
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (1998 ж.), «Қазақстан
Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003 ж.), «Қазақстан
Республикасының ғылымын дамытудағы үлесі үшін» (2007 ж.), «Каспий өңірі
ЖОО Ассоциациясына 10 жыл» (2006 ж.) төсбелгілерімен және Ы.Алтынсарин
атындағы (1991 ж.), А.Байтұрсынов атындағы (2003 ж.) медальдарымен,
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан
Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) мерейтойлық медальдары-
мен марапатталған.
Білім ордамыздың жаңа басшысы
Иманғалиев Асхат Сәлімұлы
– ғалым, педагогика ғылымдарының док-
торы, профессор, академик.
1953 жылы 21 тамызда Гурьев қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Гурьев
педагогикалық институтының тарих факультетін тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын
Биылғы оқуға қабылдау
жұмысы сәтті аяқталды
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
қабылдау комиссиясы биыл да өз жұмысын ойдағыдай аяқтап отыр. Қабылдау
комиссиясының мүшелері де талапкерлермен өз жұмыстарын жауапты
атқарды.
Биыл мемлекет тарапынан бөлінген гранттар саны өткен жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда әлдеқайда көп. Гранттардың көпшілігі педагогика, техника, меди-
цина салаларының еншісінде. Сонымен қатар, биылғы жылдың басты ерекшелігі
жекеменшік оқу орындарына берілген гранттар саны бірнеше есеге азайған.
Конкурс нәтижесінде 69 «Алтын белгі» иегерлерінің ешбір оқу орнына грант ұтып
ала алмағандықтары анықталды. Назарбаев университетіне талапкерлер қабылдау
емтихандарының 2010 жылдың аяғында өткені белгілі болғанмен, олардың нәтижесі
білім беру гранттарының ортақ конкурсынан кейін шыққандығы себепті жүздеген
студенттер бірден екі грант ұтып алғандықтары мәлім болды. Бұл жайсыз оқиғаны
биылғы жылдың басты кемшілігі десек те болады.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2011-2012
оқу жылына 246 оқу грант ұтып алды, бұл көрсеткіш 2010-2011 оқу жылымен
салыстырғанда 29-ға көбейген. Биылғы жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті – 3 мыңнан астам және де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті – 3 мың оқу грантына ие болып, сұранысқа сай жоғары сапалы білім
беретін университет екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
2011-2012 оқу жылына қабылданған студенттердің саны артуы – университетіміздің
жылдан-жылға сұранысқа ие болуы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда озық
нәтиже көрсетуінің басты белгісі және де профессор-оқытушылар құрамының са-
палы еңбегінің арқасы деп білеміз. Бүгінгі таңда университетке гранттар саны мен
ақылы негізде өтініш тапсырғандар саны 1600-ге жуық болып отыр.
Асқар АмАнбАев,
Қабылдау комиссиясының төрағасы
Мемлекеттік тапсырыстың барлығы игерілді
тілінен емтихан тапсыру үшін барлығы
711 өтініш қабылданды, оның ішінде
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға 255
өтініш берілді. М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-нің магистратурасына тапсырған
255 үміткерлерден 246 адам тестілеуге
қатысты. Мамандық бойынша емтиханға
барлығы 206 үміткер жіберілді. 173
үміткер мамандық бойынша емтихан
тапсырды. Мемлекеттік тапсырыс
негізіндегі 71 орынның барлығы игерілді.
Сонымен қатар ақылы негізде магистра-
турада білім алу үшін 18 үміткердің
өтініштері қабылданды.
Шынар ТөлегеновА,
ЖОО-нан кейінгі дайындық бөлімінің
жетекшісі
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен
биыл да өз жалғасын тапқан студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары
аймақтың тыныс-тіршілігіне өзіндік үлесін қосып отырған үлкен күш боп табылды. Жазғы
уақыттарын дұрыс ұйымдастыра білуді мақсат тұтқан жастар қауымы тамылжыған жаз
айларында «Жасыл ел» мен құрылыс еңбек жасағында бастарын біріктірді. Жастардың
бос уақытын тиімді өткізу, елімізді жасылдандыру, тазалық сақтау, сондай-ақ еңбекке баулу
мақсатында ұйымдастырылған жазғы еңбек жұмысына 1000-нан астам жастар қамтылған.
Соның ішінде 193 студент біздің М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінен қатысып отыр.
«Жасыл ел» жасағының оралдық сарбаздары елді көгалдандыруда тындырымды
жұмыстар атқарған. Олар жазғы демалыстарын көңілді ғана өткізіп қоймай, отбасыларына
қаржылай қолдау көрсетуге ниетті. Биыл «Жасылелдіктер» мен құрылыс сарбаздарының
бір айлық жалақысы 32 мың теңгеге жет-
кен. Біздің 102 «жасылелдік» сарбаз Орал
қаласының және кейбір аудандық жерлердің
көшелерін тазалап, көгалдандыруға, ор-
ман шаруашылығы аумағының қоқысын
тазартып, өрттің алдын алу мақсатында
бұталарды кесуге жұмылдырылған.
«Барыс», «Арлан», «Жаңа күш»,
«Семсер», «Жігер» және «Жас Отан» атты
студенттік құрылыс жасақтары да өңіріміздің
«Арион», «Отделстрой», «АЖАСстрой»,
«Металлизделия» сынды ЖШС құрылыс
мекемелерімен қаламызда салынып
жатқан көп қабатты тұрғын үйлер мен ҚР
Президенттік интеллектуалдық мектебін
салудағы жұмыстарына атсалысты.
«Мен бұл жазғы құрылыс жасағына алғашқы рет қатысуым. 15 ер бала қатысқан
команданың атын «Семсер» деп атадық. «Отделстрой» ЖШС басшылығымен тастарды жина-
стыру, оны тиеу, құрылысқа қажетті заттарды көшіру сынды жұмыстарды атқардық. Шілденің
Студенттік жазғы еңбек демалысында
«Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесін» басшылыққа алды.
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2011 жылғы 7 шілдедегі
«2011-2012 оқу жылына арналған жоғары
оқу орнынан кейінгі білімі бар маман-
дарды даярлауға мемлекеттік білім
беру тапсырысын ҚР жоғары оқу орын-
дарына орналастыру туралы» № 290
бұйрығына сәйкес М.Өтемісов атындағы
БҚМУ-нің магистратурасына барлығы
71 орын бөлінді, оның ішінде 41 орын
– ғылыми-педагогикалық бағытына
(1 мақсаттық орынмен қоса алғанда), 30
орын – бейіндік бағытына.
Базалық жоғары оқу орнына шетел
2 мен 31 аралығында бір ай көлеміндегі
еңбегіміздің жалақысын алдық. Жұмыс
берушілер жағынан да, студенттер тарапынан
да ешқандай келеңсіз жағдайлар болған жоқ.
Бәріміз бірге жұмыс жасадық, жаңа достар
таптық. Уақытты пайдалы өткіздік», -дейді
химия мамандығының 2 курс студенті, жасақ
командирі Еслямов Қуаныш.
Сондай-ақ облысымыздағы орын алған
су апатынан зардап шеккен аумақтарды
қалпына келтіру жұмыстарына студенттік
құрылыс жасақтарының сарбаздары да өз
үлестерін тигізген. Жазғы еңбек маусымына
қатысқан біздің сарбаздар істерін тиянақты
атқарды.
Ал жұмысына білек сыбана кіріскендердің
еңбегі елеусіз қалмақ емес. Жыл сайын
«Жасыл ел» мен құрылыс жасағының
белсенділеріне құрмет грамоталары мен
құнды сыйлықтар табыс етіледі. Биыл да
жұмыста белсенділік танытқан жастар
маусымның салтанатты жабылу шарасында
лайықты марапатқа ие болмақ.
өз тілшіміз.
Ґ
№ 9-10 (867)
шілде-тамыз
2011 жыл
3
Первый конкурс
в магистратуру по физике
Об уровне научно-технического развития госу-
дарства, его перспективах говорят, не в последнюю
очередь, отношение к физике, стремление и наличие
условий к ее изучению. В 2011 году впервые нашему
университету выделено 5 государственных обра-
зовательных грантов по специальности «Физика».
Магистратура по физике на кафедре физики, мате-
матики и информатики была. В этом году успешно
закончила магистратуру и защитила магистерскую
диссертацию учитель физики и информатики школы-
лицея №35 Латанова М.С., но обучение велось на
коммерческой основе. Выделение дорогостоящих
грантов подтверждает возрастание роли физического
образования в нашем государстве.
На 5 грантов претендовало 13 абитуриентов.
Среди них были преподаватели вузов, учителя СОШ,
выпускники нашего университета.
Как член приемной комиссии, я волновалась за
результаты экзамена не менее, а может быть и более
претендентов. С какими знаниями они придут? Трудно
ли будет делать отбор лучших? Итог экзамена принес
удовлетворение, хотя вопросы и размышления долго
еще не дадут покоя.
Глубокие знания классической и современной
физики, фундаментальных теорий и решающих экс-
периментов показали представители ЗКГУ имени
М.Утемисова: выпускница 2011 года стипендиат
Президентской стипендии Фризена Н.И., старший
преподаватель Искалиева А.У. и преподаватель
Кажмуханова Г.Ш. Думаю, что все претенденты, кто
слышал их ответы, понимают, почему они оценены
высшим баллом.
Беспокойство вызывают ответы претендентов,
не попавших в пятерку избранных. Из них только
выпускница 2011 года Штыркина Г.В. была достойна
гранта, если бы был шестой. Остальным надо много
работать над предметом, чтобы в будущем стать
достойными гранта и степени магистра. Степень ма-
гистра физики должны получить самые достойные.
Поступившим в магистратуру предстоит тяжелый труд.
Профессорско-преподавательским составом нашей
кафедры разработаны различные курсы по вопросам
физики и астрономии, применению классических и
современных образовательных технологий в обуче-
нии физики и астрономии в вузе и СОШ. Разработаны
темы диссертаций, которые могут быть предложены
магистрам. Обучение будет вестись с учетом их инди-
видуальных запросов.
Успешно и достойно прошедших первый конкурс в
магистратуру по физике поздравляю с преодолением
очередной ступени в образовании. Желаю успехов в
обучении и работе.
А.е. КузьмичевА,
кандидат физико-математических наук,
профессор
АҚШ ғалымы Риджарс Шолтпен кездесті
Ағымдағы жылдың 8 тамыз күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-математика факультетінде
АҚШ (Айова штаты) phd докторы Риджарс Шолтпен кездесу өтті. Кездесу барысында ғалымдар экология,
биология және географияның әлемдік проблемалары мен оларды шешу жолдарын талқылады. Кездесуге
факультеттің ғалымдарынан Т.Е.Дарбаева, Д.К.Мендалиева, М.М.Фартушина, В.И.Амельченко, Г.С.Кайсағалиева,
З.Х.Кунашева, А.Б.Медешова және Гумилев атындағы Еуразия университетінің докторанты Н.Рамазанова және
магистрлар қатысты.
Америка мен Қазақстандағы биологиялық, экологиялық ортаның географиялық ендікке сәйкес ұқсастықтары
мен айырмашылықтары, бүгінгі дүние жүзінде туып отырған проблемалар мен оларды шешудің нақты
мүмкіндіктерін зерттеуге көңіл аударылды. Ақпараттық технологияның көмегімен ғалымдар өз сөздерін нақты
зерттеу нәтижелерін, фотосуреттерін демонстрациялап дәлелдеді. Кездесу Жайық өзені маңына саяхатқа,
далалық зерттеуге ұласты.
Ел болып, егемендік алдық, еңсемізді
көтердік, туымызды желбіреттік, тұғыры
мықты Ата Заңымызды қабылдадық. Мұның өзі
тәуелсіздіктің арқасы. Бүгінде Ата Заңымызға
16 жыл толып отыр. Егемендіктің ертеңі бо-
лып атқан Ата Заңымыз – табандылықтың,
қырағылықтың тапжылмас қайнар бастауы.
Әрине, бұған біз Тәуелсіздіктің, Ата Заңымыздың
арқасында қол жеткіздік деп айта аламыз. Бұл екеуі
– Тәуелсіз мемлекет деп аталатын алып ғимараттың
алтыннан соғылған қос діңгегі іспетті. Адамзат
қоғамы тарихында өзіндік орны бар қай мемлекеттің
болсын дербес мемлекеттігінің ең басты айғағы
ретіндегі төл құжаты – Негізгі Заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
– кең байтақ еліміздің, езгіден еңсесі басылып,
еркіндікті аңсаған халқымыздың қайырылған
қанатын жазған, болашағын көлегейлеген күңгірт
пердені серпіп тастап, алдын жарқыратып, арманын
ұзартқан шын мәніндегі Алтын Заң. Сондықтан да
бұл Заңды қастерлей қолға алып, оның әрбір та-
рауына, бабына көңіл қоя үңіліп, үлкен-кішіміздің,
әрқайсымыздың күнделікті тіршілігіміздегі, адамдар-
мен қарым-қатынасымыздағы, қоғамдағы орнымыз-
ды айқындаудағы, туған Отанымыз – Қазақстанның
өркендеуіне қосатын, өзіміздің де өсіп-көркейетін
жолымызды табудағы басты ережеге атсалысу –
баршаға ортақ парыз, азаматтық міндет.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық рефе-
рендумда қабылданған Егемен еліміздің Негізгі
Заңы – Ата Заң мемлекеттік құрылымды белгілеп,
өзін демократиялық негіздегі зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік тұрғыда дамыған ел ретінде
қалыптастырып, ең басты құндылығы адам және
адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары
екенін атап көрсетті.
Осыған дәлел, Ата Заңымыздың 17-бабында
«Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды», деп
атап көрсетілген. Жалпы, Ата Заң ережелерінің
басым бөлігінде адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтары ерекшеленген, сондай-ақ қадір-
қасиет пен ар-ождан басты назарда деуге болады.
Қазіргі таңда, қоғам Ата Заңымызды жүзеге
асыру аясында ілгері стратегиялық бағдарламалар
арқылы негізгі алдыңғы мақсаттарын айқындады.
Нәтижесінде нарықтық қатынастарға қадам басқан
алғашқы жылдарда кездескен түрлі деңгейдегі
қиындықтардың барлығы артта қалып, халықтың
т ұрмыс деңгейі жақс арды, республика дағы
экономиялық-әлеуметтік дамуымыз нығайды,
қоғамдық сана жоғарылады.
Елімізді жаңа жетістіктерге жетелеп, оны жан-
жақты жетілдіріп, өркендеу сатысына шығарған негізгі
Ата Заңымыз осы жолдағы мақсат-мүдделердің
бағдарлаушысы болумен қатар мемлекеттің
құқықтық тұғырына, тірегіне айналды.
«Елу жылда – ел жаңа» дегендей, Қазақстан
дербес, егеменді ел болып танылып, дүниежүзілік
аренаға шығып, үлкен беделге ие болғандығын
мақтан тұтамыз. Шет мемлекеттер өздерінің
елшіліктерінен ашып, Қазақстан Республикасының
елшіліктері мен өкілдіктері де шет мемлекеттерде
ашылып, қызмет жасауда.
2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да басшылық
жасауы, біздің еліміздің әлемдік аренада үлкен
беделге ие болғанын және осы мақсатта Қазақстан
тарапынан жүргізіп жатқан іс-шаралар алпауыт
мемлекеттер – АҚШ, Ресей, тағы басқа еуропа
мемлекеттерінің қолдау көрсетуі біздің Тәуелсіз
елімізді дүние жүзіне өзін құқықтық мемлекет
ретінде жоғары дәрежеде таныта білудің толық
дәлелі. Осы жоғары деңгейге көшбасшымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен
егемендіктің, Негізгі Заңымыздың аясында қол
жеткіздік деп мақтанышпен айта аламыз.
Егемен еліміздің тең құқықтық мәселелерін
қамтып қана қоймай, жалпы қоғам дамуындағы
айтарлықтай өркениетті шаралардың арқауы болған
Ата Заң қоғамымыздағы барлық жетістіктердің
қайнар көзі екені айғақ. Демократиялық принцип-
терге сүйене отырып, жарқын болашаққа жол ашқан,
еңселі еліміздің ішкі-сыртқы саясатының бағдарын
анықтап, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі
қарқынды қадамдардың батыл жасалуы көп ұлтты
Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігін сақтауға
жетелеген Ұлы Заңымыздың әлеуетінің арқасында
ойдағыдай іске асырылды.
Негізгі Заңымыз әлі де талай жылдардың
жүгін көтеріп, талай жылдарға куә болып, озық
ұстанымдарын жан-жақты дамытып, ертеңгі
көкжиегі одан әрі кеңейе беретініне сеніміміз мол.
Дана ҚАбЫл
30-тамыз ҚР конституция күні
Тірегіміз -
АТА зАң
международные связи
В мае 2011 года руководителем отдела менеджмента качества, доцентом Утегеновой К.Т. была осуществлена
предварительная договоренность о подписании двух важных документов –
Достарыңызбен бөлісу: |