Зерттеудің нәтижесінде мынадай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:
Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттанудың қалыптасуына шолу жасалынып, жүйеленді;
Лингвомәдениеттанудағы «мәдениеттер сұхбаты» – көпұлтты егеменді еліміздегі халықтардың тілді үйрене отырып, оның мәдениетіне терең бойлаудың, халықаралық, ұлтаралық дау-дамайларды тежеу мен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің пәрменді құралы.
Әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл – тіл мен мәдениеттің тоғысуы жалпы көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ.
Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның lingua-тіл, cultyra-мәдениет, logos-ілімдеген ұғымдарынан жасалып, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің ортақ мүдделерінен бастау алатын халық мәдениетінің тілдегі көрінісін, ерекшелігін жаңаша көзқараспен қарастыратын бағыт.
Соңғы кездерде тіл білімі саласында "мәдениеттер сұхбаты" мәселесіне назар аударылып, біршама зерттеулердің нысанына айналды. Бұған дейін "мәдениеттер сұхбаты" ұғымы мәдениеттану ғылымының аясында қарастырылып келді. Ал, тіл мен мәдениеттің тоғысуы тұсында пайда болған лингвомәдениеттану саласында бұл сұрақты қарастыру осы күннің өзекті мәселесі деп топшылаймыз. Лингвомәдениеттану ұлттық тіл деректерінің бойынан мәдени нышанды тауып, қарастырып, оның ұлт мәдениетіндегі өзіндік ерекшелігін танытуға көбірек бағыт бұрады.
2. Лингвомәдениеттанудағы "мәдениеттер сұхбаты" мәселесі