Бүгінгінің бас тақырыбы (Соңы 3-бетте)



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі5,23 Mb.
#9509
1   2   3   4   5   6

Камила ЫСҚАҚОВА, 

«Заң газеті» 

М

іне, тағы бір жылды артқа тастап, 2017 жылдың та-

балдырығын аттауға шақ тұрмыз. Дәл осы сәтте 

қайырылып артқа қарасақ, «Өтер жыл несімен есте қалды? 

Осы бір жылда не бітірдік және бұл жылдың тарих бетінде-

гі орны қайсы?» деген сұрақтар ойымызға оралады. Бәрін 

санамалап шықпасақ та, 2016 жылы еліміздің заңнамалық 

базасында орын алған жаңалықтарға тоқталуды жөн санап 

отырмыз. Мешін жылы заң шығарушы органдар біраз тер 

төкті. 

Ұлт жоспары 

ұтымды істерге 

бастамашы болды

тауық жылынан 

не күтеміз?

дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, 

сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. 

Әлемдік ауқымдағы көптеген ком­

паниялар  дамудың  дағдарыстық 

кезеңінде сәтті компанияларға ай­

налды» деген пікір айтты ғой. Бізге 

дейін дағдарысты басынан өткізген 

елдердің тәжірибесіне сүйенсек те, 

оларды өз өндірістері дағдарыстан 

құтқарғанын, қиындықтан тез шығып 

кетуге көмектескенін көреміз.

Айта кетер жайт, осы уақытқа 

дейін «дайын асқа тік қасық болып», 

шикізатты сыртқа жіберіп, олардан 

өңделген өз шикізатымыздың өнімін 

сатып алып немесе жеміс­жидек, 

көкөніске дейін көрші елдікіне тел­

міріп келдік. Ал, мына дағдарыс 

халқымызды жалқаулықтан арыл­

тып, үнемшілдікке үйретеріне сен­

гім келеді. 2017 жылы халқымыз 

дағдарыстың  тек  жақсы  жағын 

пайдаланып, кемшілікті жеңетін жыл 

болса екен деп тілеймін. Теңгеміз 

мұнай бағасына тәуелділіктен ары­

лып, құны аспандай түсіп, тұрақ­

танатын жыл болса екен. Жалпы, 

әлеуметтік тұрғыдан әлсі реген ел 

рухани жұтаңдыққа мән бермейді. 

Сондықтан, 2017 жыл ең алдымен 

экономикалық тұрғыдан аяққа тұрып 

кететін,  жаңа  жұмыс  орындары 

ашылатын, барлық экономикалық 

мәселелер шешілетін құтты жыл 

болуын тілеймін. 

«ДағДарыс жаңа 

мүмкінДік ұсынаДы» 

–  Қазіргі  таңда  маман дардың 

экономикалық ахуалға орай айт қан 

болжамдары  халықты  шо шытып 

отыр.  Сол  мамандардың  бол жа­

мына орай, халық та алаңдау лы. 

Еліміздегі дағдарыс, теңгенің құл­

дырауына да халықтың үреймен 

қарайтыны  байқалады.  Жасыра­

тыны жоқ, «экономикалық ахуал 

бұдан да қатты төмендейді» деген 

пікірден халық қорқып­ақ қалған. 

Сондықтан, келер жылы ең бірінші 

кезекте  дағдарыстың  алдын  алу 

шаралары жүзеге асса деген тілек 

бар. Елбасымыздың өзі «Жаһандық 



Ж

анұзақ ӘКІМ, экономист:

«Қалауын тапсаң, 

Қар жанаДы»

– Шүкір дейік, елімізде біршама 

мәселелер уақыт өте шешімін тауып 

келе жатыр. Мәселен, жыл сайын  

Тәуелсіздік  мерекесінен  бұрын 

шыршаның жағылуы, мемлекеттік 

мерекенің Жаңа жыл мерекесінің 

тасасында қалатыны үлкен мәсе­

ле  болатын.  Биыл  бұл  тақырып 

қозғалған жоқ, шулап жүріп Тәуел­

сіздік мерекесінің өз дәрежесінде 

тойлануына қол жеткіздік. Сол секіл­

ді мұндай мәселелердің барлығы 

уақыт өте шешіледі. Бастысы, ха­

лықтың қалауы. «Қалауын тапсаң, 

қар жанады» дегенді бабалар тегін 

айтпаған. 

Қазір Қазақстанда мамыражай 

тыныштық. Халықтың қарны тоқ, 

көңілі  жай  болғандықтан  шығар, 

соңғы кезде той өткізуден жарыс 

өткізіліп жатқандай әсерде қаласың. 

Бәсеке мықты. Демек, халықтың 

қалағанын жасауына мүмкіндігі бар. 

Келер жыл дағдарыс мәселесінің 

шешіліп, теңгеміз нығаятын жыл 

болсын! Бастысы, еліміз аман, жұр­

тымыз тыныш болса екен.



Дайындаған 

Қуаныш ӘбілДӘҚызы,

«заң газеті»

«мемлекеттік тілДің 

мерейі өссе Деймін»

– Тауықтың бірнеше жұмыртқаны 

қатар басатын, талай балапанды 

бауырынан өргізе беретін берекелі 

екенін білеміз. Сол секілді келер 

жыл  еліміз  үшін  берекелі  жыл 

болғай!  Былтырғы  жыл  аяғында 

мамандардың  болжауы  халықты 

айтарлықтай  үрейлендіріп  еді. 

Алайда, Аллаға шүкір, жыл жаман 

болған  жоқ.  Тәуелсіздігіміздің 

25  жылдығын  тойладық.  Талай 

отбасы жаңа пәтерге кіріп жатыр,  

жолдар  салынуда.  Халықтың  да 

дағдарысқа бой үйретіп, өз бетін­

ше әрекет етуге тырысқаны бай­

қалады.  Ұлттық  тұрғыдан  айтар 

болсақ,  мені  талай  жылдан  бері 

мемлекеттік тіл мәселесі мазалап 

келеді. Әлі де болса мемлекеттік 

тіл – қазақ тілінің мәселесі толықтай 

шешілмей отыр. Қазақ тілі өз биігіне 

көтеріліп, туы биіктен желбіресе 

екен  деп  тілеймін.  Келер  жылы 

да тіл мәселесінің шешілуіне мұ­

рындық  болар  іс­шаралар  қолға 

алынса екен.  Ресми мекемелердің 

барлығы тек қазақ тілінде сөйлесіп, 

құжат алмасулардың барлығы қазақ 

тілінде жүзеге асса деген арман бар. 

Үлкен биік мінберлерден бастап, 

көшедегі жастардың тіліне шейін 

қазақ тілінде болса, менің көңілім 

жайланар еді. Тіл мәселесінің жыл­

дар бойы шешілмей келе жатқаны 

қынжылтады. Қазір қоғамда тілге 

қатысты жалтақтық жетерлік. Мәсе­

лен, «Мемлекеттік тілде жазылған 

өтінішке мемлекеттік тілде жауап 

берілуі керек» деп заңда жазылған. 

Әйтсе де әлі күнге дейін ісқағаз­

дарының көбі орыс тілінде жүріп 

жатыр. Тек мемлекеттік тіл құқығы­

ның  бұзылғанына  ешкімнің  бас 

ауыртпайтыны өкінішті. Сондықтан, 

ендігі  жерде  біз  барлық  саланы 

қазақ тіліне көшіру үшін әр нәрсені 

сылтаурата бермеуіміз керек. Ұлт 

мүддесі бәрінен жоғары тұруы тиіс. 

Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері:

Ұлж

алғас 

ЕСНА

зА

рО

вА

, пе

даг

огик

а 

ғылымының докт

оры, профе

ссор:


№147 (2925) 

30 желтоқсан 2016

5

zangazet@mail.ru



келбет

Бала күнімнен деп айтып қалған 

себебім, ес біліп, ержеткенімше мей-

ірімі мен қамқорлығын көріп өскен, 

алдымдағы бірден-бір үлгім болған өз 

әкем де заң қызметкері еді. 

Бұл мақалада өзім туралы емес, өзім 

жақын араласып келе жатқан, ерекше 

үлгі тұтатын, ақ-адал жүрегіммен құр-

меттеп сыйлайтын, жасының үлкендігі 

жағынан да, білім-білігі жағынан да, 

адами қасиеттері жағынан да маған өне-

«Алтынды сынығынАн 

тАнуғА болАды»

ге бола білген заң қызметкері жөнінде 

сөз қозғағым келіп отыр. Ол заңгердің 

әрі мемлекет, қоғам қайраткерінің аты-

жөні – Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлім-



беков.

Жоғарыда  атап  өткенімдей,  заң 

қызметкерлері заң шеңберінде әрекет 

етіп, айтар сөзімізді, қағазға түсірер 

пікірімізді әдемілеп, әрлеп, көркемдеп 

емес,  құлаққа  қатқылдау  естілетін 

ресми тілде баяндайтынымыз бар. Ол 

біздің санамызға берік орнығып қалған 

дағдымыз. Ал, енді Мұсабек Тұрғын-

бекұлы туралы өзіндік ой-ниетімді 

баспасөз арқылы көпшілікке айтып 

жеткізуді ойлағанымда, әлгі өзім атап 

өткен «қатқыл» тіл мен ресми стильден 

бір сәтке болса да алыстай тұруды жөн 

көрдім. Өйткені, менің ол кісіге деген 

көңілімнің түкпіріндегі, жүрегімінің 

тереңіндегі, заң атаулыға бәлендей 

қатысы жоқ, былайша айтқанда, інінің 

– ағаға, шәкірттің – ұстазға арқа сүйеп 

айтар ашық сөздері мені басқа арнаға, 

баяндаудың басқаша үлгісіне көшуге 

алып келіп отыр. Ендеше, жүрекжарды 

сөздерімді осылайша, сезімге ерік бере 

отырып әңгімелеп көрейін.

Мұсекеңді алғашында «осындай 

бір заң қызметкері бар екен» деп қана 

естіп-біліп жүрдім де, өткен ғасырдың 

90-жылдарының орта шенінде жүз-

бе-жүз көрісудің, тілдесіп-сөйлесудің, 

қызмет бабының талаптарымен таны-

сып-білісудің сәті түсті. Ол кезде Мұсе-

кең Жамбыл облыстық Әділет басқар-

масының басшысы да, мен көрші тұрған 

Оңтүстік Қазақстан облыс тық Әділет 

басқармасының басшысы болатынмын. 

Мұсекең көп кешікпей Оңтүстік Қа-

зақстан облыстық сотының төрағасы 

болып ауысып келді. Бұрынғы аздаған 

таныс-білістігіміз бар, екіншіден, қы-

змет жағдайымен біздің ел мен жерге 

көрші облыстан ауысып келіп жатқан-

дықтан, қазақтың ежелден келе жатқан 

ата дәстүрімен Мұсекеңді отбасымен 

ерулікке шақырдық. Мұсекеңнің менен 

мүшел жастай үлкендігі бар екенін 

нақтырақ біле түстім. Ал, енді үйіндегі 

жары Бақыт Байдалықызы мінезінің 

бай, парасатының кемелдігін көрсетіп, 

аға мен іні арасын жалғай білді. Отба-

сыларында екі қыз, бір ұлдары бар екен. 

Сол күндерден бастап екі үй тонның ішкі 

бауындай жақын араласып кеттік. 

Менің  біліп-түйгенім,  Мұсекең 

кәсіби саласын аса жетік білетін тә-

жірибелі маман, халқымыздың тарихы-

ның арғы-бергісін терең біліп, мүдір-

мей көсіліп сөйлеп кететін шешен, 

көргені мен түйгені көп көсем адам. 

Жайшылықта тұйықтау, мінезі қатал-

дау сияқты болып көрінгенімен, көз-

бе-көз сөйлесіп, пікірлесіп отыр ғанда 

ашық, ақкөңіл кісі екеніне көз жет-

кіздім. Жасы үлкен аға болғандығынан 

ғана емес, білімдарлығымен, әр нәр-

сеге байыппен қарап, қара қылды қақ 

жарғандай  әділ,  орнықты  пікірлер 

айтуымен де үлкендік үлгісін көрсетті. 

Ал, енді ол кісінің өмір серігі, ақжар-

қын  жеңгеміз  Бақыт  Байдалықызы 

менің жарым Аягөзбен тез-ақ тіл табы-

сып, ескі достардай бірден шүйіркеле-

сіп кетті. «Ағайын тату болса, ат көп, 

абысын тату болса, ас көп» демекші, 

олар біздің бұлайша тіл табысуымызға, 

көптен таныс дос-жарандай бүкпесіз 

сөйлесіп, алаңсыз сыйласуымызға жол 

ашып бергендей болды. 

Мұсекең 2001 жылы Алматы қа-

лалық сотының төрағасы болып қыз-

мет  ауыстырды.  Одан  2006  жылы 

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының азаматтық істер жөніндегі 

алқасының төрағасы, 2009 жылы Қа-

зақстан Республикасы Жоғарғы Соты-

ның төрағасы болып тағайындалды. 

Мен бұл тұста Маңғыстау облыстық 

сотының төрағасы болып қызмет істеп 

жүргенмін. 

Менің бір байқағаным, қызмет де-

ген нәрсенің өзі сондай, қызметкерлер 

жұмыс жағдайлары бір-бірімен бай-

ланысты болып қалғанда, өздері де 

бір-бірімен жиі қарым-қатынасқа түсіп 

кетеді де, жұмыс жағдайындағы бай-

ланыс үзілгенде, араласуы да шектеліп 

қалады. Жаңа ортадағы жаңа қызмет 

өмірді әрі қарай жалғастырып, жаңа 

адамдар, жаңа таныс-білістер пайда 

болып жатады. Бұл біздің қыз меттің 

өзіндік ерекшелігі екен деп түсіндім. 

Бірақ, біздердің ара қатынасымыз ол 

жағдайларға қарамастан жалғасын таба 

берді. Бұрынғыдай жиі болмаса да, 

өмірдің ыстық-суығында жанымыздан 

бір-біріміздің табыла білдік.

2010 жылы күзде Қазақстан Респуб-

ликасының Жоғарғы Сотынан хабар-

ласқан бір адам менің қызмет орныма 

телефон шалып, Республика күніне ар-

налған салтанатты жиналысқа шақыр-

ды. Астанаға баруымның жай-жапса-

рын білгім келіп:

– Жай ма? – дедім. 

– Қойыңызшы. Түк бiлмегендей? – 

деп күлді арғы жақтағы кісі. 

– Нені білуім керек еді? – дедім 

таңдана түсіп. 

– Шынымен-ақ білмейсіз бе? Сол 

күні сізге «Құрмет» ордені беріледі ғой. 

– Ой, мынауыңыз жақсы хабар екен. 

Қуантқаныңызға рақмет! Көп жасаңыз! 

Міндетті түрде барамын, – дедім.

Қуанып отырмын. Орден алайын 

деп жатсам қалай қуанбайын?! Осы 

сәтте маған мынадай ой келді: 

«Құрмет» орденіне мені кім ұсын-

ды? Ақылға салып ойланып көргенімде, 

кез келген мекемедегі еңбек адамын 

қандай да бір марапатқа сол ұйымның 

басшысы немесе одан жоғары тұрған 

билік орны ұсынатыны белгілі. Ал, об-

лыстық соттың төрағасы болып тұрған 

мен өзімді-өзім жоғары марапатқа қа-

лай ұсынамын? Олай болуы әсте мүм-

кін емес. Ендеше, мені бұл құрметке 

лайық көрген біздің басшы Мұсекең – 

Мұсабек Тұрғынбекұлы болуы мүмкін. 

Мекемеде ол кісіден артық менің еңбе-

гім мен өзге де артықшылықтарымды 

жете біліп, оны орнымен бағалай қояды 

дейтін ешкімнің реті жоқ болатын. 

Айналып келгенде, менің азды-көпті 

сіңірген еңбегіме оң баға беріп, орденге 

ұсынып отырған Жоғарғы Соттың бас-

шысы Мұсабек Тұрғынбекұлының өзі. 

Ендеше, ол кісіге алыста тұрсам да шын 

жүректен рақмет. Мұсекеңнің алдын-

да қарыз болып қалмасам да, сенімін 

адал еңбекпен ақтармын әлі. Ойпыр-ау, 

Мұсекең телефонмен звондап болса да 

«осылай да осылай, мен сені осындай 

марапатқа ұсынып жатырмын» деп айт-

пады-ау», – дедім іштей толқып.

Осыдан кейін бір ыңғай-реті кел-

генде Мұсекеңе ризашылық көңілмен: 

«Сізге көп-көп рақмет!», – деп едім, ол 

кісі жымиып қана күлді де қалды. Тіпті, 

мен алған орденге өзінің ешбір қатысы 

жоқ кісідей. Не дерімді білмей, сөзден 

тосылып қалдым. Мұсекеңмен арамыз-

дағы әңгіме осылай біте салды. 

Кейінгі кездескен тұстарымызда да 

«мен өстіп саған жақсылық жасадым» 

дегендей сыңай танытпады. Ішімнен, 

Елбасы мен Сіздің сеніміңізді адал 

еңбегіммен ақтармын» деумен ғана 

шектелдім. 

Осындай кездері кавказ халықтары-

ның бір хикаяты ойыма орала кетеді. Ол 

әңгіменің қысқаша мазмұны мынадай. 

Әлдеқандай бір себеппен қолын сын-

дырып алған жігіт өз қыстақтарындағы 

сынған-шыққанды орнына салатын 

оташыға барып, сынған сүйегін орнына 

келтіртіпті. Жігіт оған қатты риза бо-

лып, өз шама-шарқынша рақметін ай-

тады. Алайда, оташы әлгі жігітпен кез-

дескен сайын көптің көзінше: «Қолың 

қалай, жазылып кетті ме?» – деп өзінің 

істеген жақсылығын әлсін-әлі қайталап, 

әлгі жігітті елдің алдында төменшіктете 

беріпті. Оташының міндетси берген 

сөзінен әбден мезі болған жігіт келесі 

бір жиын-тойда кездескенде, көпшілік 

жұрттың көзінше өз қолын өзі қайтадан 

шорт сындырған екен. Мұсекең осы 

әңгімедегі оташы тәрізді «мен өстідім, 

мен бүйттім» демей, маған иненің жа-

суындай да жақсылық жасамаған кісі 

сияқты болып жүре берді. Жалпы, мен 

өмірімде бұл кісіге тең келер үлкен 

жүректі адамды өте аз кездестірдім. 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры 

тасысын» дейді халық мәтелі. Мұсабек 

Тұрғынбекұлының  өзім  куә  болған 

көп жақсы жақтарының біреуін ғана 

мысалға келтіріп отырмын. «Алтынды 

сынығынан тануға болады» демекші, 

шын жақсының сипаты оның бір ғана 

ісінен көрінеді екен.

Мұсабек Тұрғанбекұлы екі-үш жыл-

дай Еуразия экономикалық қауымда-

стығы сотының төрағасы болып тағай-

ындалып, қызмет орны Беларусь елінің 

астанасы Минск қаласында болды. Өзім 

іштей құрмет тұтып, туған ағамдай 

көріп кеткен Мұсекеңнің соңынан інілік 

жолымен іздеп барып, жаңа қызметімен 

құттықтап қайтқанмын. Кейінірек ол 

кісі 60 жасқа толғанда қазақстандық 

бір топ отандастары арнайы барып, ме-

рейлі жасымен құттықтап, салтанатты 

жиынның ішінде болдық. Сол кезде Мұ-

сабек Тұрғынбекұлының сырт жердегі 

қызметінде өте беделді екенін көріп, 

шын жүректен риза болдық. Қозғалып 

отырған кез келген мәселедегі білік-

тілігін, алмас қылыштай тіліп түсер 

турашылдығын, өз ана тілінде ғана 

емес, өзге тілде де көсіліп сөйлейтін 

шешендігін, өзге ұлт өкілдерінің алдын-

дағы сыпайылығы мен мәдениеттілігін 

көріп, қазағымыздың осындай да өрелі 

азаматы барына шын жүрегімізбен сүй-

сініп, марқайып, мақтанып қайтқанбыз.

Мұсабек  Тұрғынбекұлы  елге 

оралған соң абыроймен Қарағанды 

облыстық сотының төрағасы қызметін 

атқарып келеді. Ал, 2016 жылғы қа-

рашада өткен Қазақстан Республика-

сы Судья лар одағының кезектен тыс 

VII съезінде Мұсекеңнің сол одақтың 

төрағасы болып сайлануы өте орынды 

шешім болды деп есептеймін. Олай 

дейтінім, Мұсабек Тұрғынбекұлы аса 

тәжірибелі сот қызметкері болумен бір-

ге, ғалым, заң ғылымдарының докторы. 

Бұл  өмірде  көзіммен  көріп,  жа-

ныммен түйсінген бір шындық – ға-

лымның да ғалымы бар екен. Мұсекең 

кандидаттық, докторлық диссертация 

қорғап, ғалым атанған сот қызметкері 

болғанымен,  ғылыми  ортада  емес, 

өмір бойы іс үстінде – практикалық 

салада келе жатқан қызметкер. Алай-

да, үлкен ғылыми ортаның Мұсабек 

Тұрғынбекұлын үлкен ғалым ретінде 

танып, риясыз мойындап жүргенінің 

әлденеше рет куәсі болдым. Судьялар 

одағын басқаратын басшы тәжірибелі 

судья болумен бірге, бұл саланы ғылы-

ми тұрғыдан негіздеп отыратын шын 

мәнісіндегі білгір де өрелі ғалым болу 

керектігін өскелең өмір өзі талап етіп 

отыр. Бұл тұрғыдан келгенде Мұсабек 

Тұрғынбекұлы қазіргі жаңа қызметіне 

аса лайықты басшы деп білуіміз керек. 

Жалпы, бұл кісінің ғылым мен тәжіри-

бені терең ұштастыр ған білімдарлы-

ғы сот ісінің болашақ мамандарына 

алыстан іздеп жатпайтын дайын үлгі 

деп  есептеймін.  Мұсекең  жарқын 

өмірімен, жақсы істерімен өнеге болып 

келе жатқан осындай ірі тұлға.

Бұл кісінің білімділігіне, үлкен, 

кіші демей әрбір іске терең мән беріп 

қарайтын байыптылығына, түбі көрін-

бейтін теңіздей терең ақылдылығына, 

ұсақ-түйекке  мән  бермейтіндігіне, 

майдаланбайтындығына,  шыр-пыр 

болып  күйгелектікке  салынбайтын 

ұстамдылығына, аса текті адамдардың 

бойында ғана болатын бекзаттығына бір 

емес, бірнеше мәрте көз жеткізіп, «Шір-

кін, зиялы деген кісілердің бәрі де осы 

Мұсекеңдей болса ғой» деп сүйсінумен 

жүремін. 

Жақсылар қай елде де, қай жерде 

де бар. Ұлы бабасы Үйсіннен өрбіген 

Бәйдібек бидің билігі, Дулат әкесінің 

сеніміне ие болып, батасын алған Бот-

бай батырдың өжеттігі, берідегі еліне 

қалқан болған батыр-би Сыпатайдың 

елсүйгіштігі, кешегі қызыл тілмен қара 

қылды қақ жарған Жамбыл ақынның 

турашылдығы, әнші-ақын Кененнің 

сырбаздығы, бүгінгі қазақтың аңызына 

айналған данышпан-батыр Бауыржан 

Момышұлының  елшілдігі  Мұсабек 

Тұрғынбекұлының бойынан да көрініп 

тұрады. 

Біздің жақсының жақсылығын көзі 

тірісінде айтпайтын бір жаман әдетіміз 

бар. Көзі тірісінде «бәленше жақсы 

кісі» деп қалсақ, соған жағымпазданып 

жатқандай болып көрінеміз. Мақтау 

естіп жатқан адамның өзі «Мынау мені 

шынымен мақтап тұр ма, әлде мақтаған 

болып мұқатып жатыр ма?» деп қарадай 

қауіптенетін әдетіміз тағы бар. Мен бұл 

мақала арқылы барды бардай ғана атап 

айтып, Мұсабек Тұрғынбекұлының 

аса білгір заң маманы, ғалым ретін-

дегі сіңірген еңбегіне қарай «Пара-

сат» орденімен марапатталған тәуелсіз 

еліміздің елеулі азаматы, мемлекеттік 

мәні бар істер атқарған қоғам қайрат-

кері ретіндегі өзіндік ұлағатын кейінгі 

жастарға танытсам, үлгі етіп көрсетсем 

деген ниеттемін.  

Мұсекең Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы 

тойын атап өткеннен сәл кейін, 2017 

жылдың  4  қаңтарында  Пайғамбар 

жасына толады. Мұсабек ағаның ме-

рейлі жасы тек қана өзіне, отбасына, 

туған-туыстарына ғана емес, жалпы 

қазаққа құтты болсын дейміз!

Бұл, менің ойымша, ақылдың әб-

ден толысып, кемеліне келген жасы. 

Жаңылмасам, осыдан қырық жылдай 

бұрын бастауыш сыныптардың бірінде 

«Ана тілі» оқулығынан «Алпысқа кел-

геннен ақыл сұра» деген ертегі оқыға-

нымыз бар еді. Ұмытпасам, моңғол 

халқының ертегісі болуы керек. Бір ға-

жабы, сол шығарма ертегіден гөрі өмір 

шындығына өте жақын тұрған оқиғаны 

баяндайтын. Оның ұзын-ырғасы мына-

дай болатын.

Бір хан өзінің қоластындағы қара 

халқына жолы қиын алыс өлкеге кө-

шетіндерін айтып, кедергіден басқа 

пайдасы жоқ кәрі-құртаң, шал-шабы-

рларын күні бұрын елсіз-күнсіз қу да-

лаға апарып тастаңдар деп бұйырады. 

Ханға екі айтқызбайтын бағынышты 

халқы  оның  бұйрығын  бұлжытпай 

орындапты. Бір жас жігіт қана әкесін 

ит пен құсқа жем етіп, жапан далаға 

тастап кетуге қимай, жерден ұра қа-

зып, әкесін күндіз сонда жасырып, 

түнде ғана сыртқа, таза ауаға шыға-

рып жүріпті. Осыдан кейін ел жүк-

терін артып, малдарын шұбырта айдап 

алыс  өлкеге  бет  алып  көшеді.  Жас 

жігіт әкесін тері қап қа салып, көлікке 

жүкпен бірге артып алыпты.

Қалың көш әлденеше күннен кейін 

шетсіз-шексіз қуаң шөлге кез болады. 

Күннің ыстықтығы сондай, аспан ай-

налып жерге түсуге шақ қалып тұра-

ды. Көштегі мал түгілі, адамдарының 

өзі бір қасық суға зар болып, жаппай 

қырылу қаупі төнеді. Сол кезде хан су 

табуға адамдарын жан-жаққа шапты-

рыпты. Өкінішке қарай, аяқ жетер жер-

ден ағып жатқан су кездеспейді. Сонда 

тері  қаптың  ішіндегі  шал:  «Балам, 

сиырдың бұйдасын шешіп еркіне жібер 

де, соңынан қалмай жүріп отыр. Ол қай 

жерді барып иіскелеп, мүйізін жерге 

тигізіп өкірсе, сол жерді қазсаңдар, ас-

тынан су шығады», – депті. Жас жігіт, 

сөйтіп, әкесінің ақылымен ханды да, 

қараны да суға қарық қылыпты.

Көш тағы да ілгері жылжып, бір 

жартастың түбіндегі мөлдіреген тұнық 

көлге жетіп тоқтайды. Қараса, көлдің 

түбінде жарқыраған бір кесек алтын 

жатыпты. Хан: «Ана алтынды маған 

алып беріңдер!» – деп, адамдарын бірі-

нен соң бірін суға сүңгітеді. Алайда, 

бірде-бірі алтынды таппай, су астында 

тұншығып өле беріпті. Жас жігіт өзінің 

де су түбінде қаларын біліп, болып 

жатқан жағдайды әкесіне айтады. Сон-

да қарт: «Су астында алтын жоқ. Ол 

жоғарыдағы жартастың орта шеніндегі 

текшеде жатыр. Көл түбіндегі оның 

күнге шағылысқан сәулесі ғана. Сен 

алтынның қасына бара алмайсың, ол 

жартастың қол жетпес биігінде. Сен 

оның астына барып, жоғарыдағы тау-

ешкілерді дауыстап үркіт.  Топтала  

қашқан тауешкілердің бірі болмаса 

бірінің тұяғы алтынды түртіп жіберіп 

төмен құлатады. Сол кезде сен оны 

көлге түсірмей ұстап ал», – деп ақыл 

береді. 


Жігіт өз ханына алтынды әкесінің 

айтқаны бойынша алып беріпті. Бұдан 

кейін хан: 

– Сен сусыз жерден су таптың. Ал-

тын көлдің түбінде емес, жоғарыдағы 

жартастың биігінде екенін де білдің. 

Мұның бәрін саған кім айтты?! – деп 

қыспаққа алады. Сонда жігіт мұның 

бәрін жасырып алып келе жатқан кәрі  

әкесі айтып бергенін білдіруге мәжбүр 

болыпты. 

Осыдан кейін хан өз қателігін тү-

сініп, жасы келген қарттарды жазықсыз 

өлім құштырмай, аман асырауға, ақыл-

дарын тыңдауға кеңес беріпті. Халық 

даналығы болып есептелетін ауыз әде-

биетінің бір үлгісі осындай. 

Әр заманның өз дана қарттары бо-

латынына ешбір дау жоқ. Бүгін болмаса 

да, ертеңгі дана қарттарымыздың бірі, 

онда да бірегейі Мұсекең боларына мен 

шүбәсіз сенемін және Алладан тілеймін. 

Мұсекеңнің бойындағы мол білім мен 

бай тәжірибе, мінезіндегі тиянақтылық 

пен парасаттылық, ақылдан туындай-

тын істегі алғырлық, өмірдің мың сан 

сынағынан сүрінбей өтіп шыңдалған 

қажыр мен қайрат, Құдай пәк қылып 

жаратқан сәбилік тазалығын дақ түсір-

мей сақтап қалған төзім мен жігер 

өзінен кейінгі әлденеше ұрпақтың ісіне 

үлгі, өміріне өнеге болады деп білемін. 

Сол себепті алпыстан асқан ақылы 

кен ағаларымыз бен аталарымыздың, 

халқымыздың бүгіні мен ертеңіне зор 

пайдасын тигізетін Мұсекеңдей кемел 

тұлғаларымыздың  есімдерін асқақтата 

айтып, Мұсекеңдей асылдарымызды 

ардақтай білейік, ағайын! Сонда ғана 

елдігіміздің мәртебесі еселеп биіктей 

беретін болады. «Ағаға құрмет – ініге 

міндет» деген осы болса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет