Бидайбеков Е


Орта мектептерге арналған үздіксіз информатика курсы мазмұнының тұжырымдамасын қалыптастыру



бет50/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108
4.3 Орта мектептерге арналған үздіксіз информатика курсы мазмұнының тұжырымдамасын қалыптастыру
Көптеген ғалым-педагогтар, алғашқы оқу бағдарламасын дайындаушылар мойындағандай мектептердің жоғарғы сатысында ғана информатиканы оқытудың жеткіліксіздігі уақыт өткен сайын сезіліп келеді [7].

1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептерден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бастама) тәжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» және төменгі буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ресей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу жоспарларында [28] көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.

Жинаққа енгізілген бағдарламалардың ішінен екі бағдарламаны қарастыруға аламыз: Роботландия программалық-әдістемелік жүйеге негізделіп, бастауыш мектептердегі информатика курсының бағдарламасы және орта мектептің базалық буынына арналған информатика курсының бағдарламасы.

Бұл бағдарламаларға жасалған талдау, оқыту мазмұнының қалыптасуына сол кездерден-ақ қалыптасқан сатылап оқытудың алынғанын, сондай-ақ әртүрлі жастағы оқушыларды информатикаға оқыту мазмұнын қалыптастыруға қандай тенденция керектігін түсінуге мүмкіндік береді.


Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны жасағандар: (А.М Гольцман, А.А.Дуванов, Я.Н.Зайдельман, Ю.А Первин).
Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік тәсілдерін дамыту, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, іс-әрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:

1. Дүниетанымдық (ақпарат - сөзі төңірегінде). Бұл жерде ақпарат және ақпараттық процестер (ақпаратты өңдеу, сақтау және беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нәтижесінде дүниенің ақпараттық мәнін көре білуді, ақпараттық процестерді танып, талдай білуді қалыптастыру қажет.

2. Практикалық (компьютер-сөзі төңірегінде). Мұнда компьютерді әмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады

3. Алгоритмдік (негізгі сөз-алгоритм, орындаушы, программа). Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде алгоритмдер, оны жазу және орындау туралы түсінік қалыптасады.

4. Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың мазмұнымен әдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі-оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары - мәтіндік редактор, графикалық және музыкалық ақпарат және басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып орындайды.

Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пәндерді оқу барысында компьютерді еркін және сауатты пайдалана алады деп есептелген.
Жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. (Құрастырғандар: А.Г.Гейн, Е.В.Линецкий, М.В.Сапир, В.Ф.Шолохович).
Бағдарлама үш жарты жылдыққа, аптасына 2 сағаттан, барлығы 102 сағатқа есептелген, оның жартысына жуығы оқушылардың компьютермен жұмысына қаралған. Курс жалпы білімдік бастамалар негізінде құрылды. Бір жағынан, теориялық базаны құрайтын жалпы мәдениет элементтері алынса, екінші жағынан – белгілі бір практикалық дағдылары есепке алынды.

Авторлар курстық теориялық базасына оқушылардың ЭЕМ көмегімен есеп шығарудың жалпы принциптері туралы білуін, есептерді қоя білуін және компьютерлік модельдер құрастыруды түсінуін, алгоритмдеудің негізгі тәсілдері туралы білуін, сондай-ақ ақпарат пен ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінікті, ЭЕМ құрылу принципі жайлы білуін жатқызды. Практикалық дағдылар ЭЕМ-мен, соның ішінде дайын программалық құралдармен, ақпараттық–іздеу жүйелермен, мәтіндік және графиктік редакторлармен, электрондық кестемен және басқа да қолданбалы программалармен жұмыс істеу үдерісінде жинақталады деген тұжырым жасады.

Оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет