Бидайбеков Е


-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ҚОСЫМША ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ



бет87/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108
Байланысты:
treatise13514

8-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ҚОСЫМША ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар.
Жалпы білім беретін мектепте әр уақытта оқытудың дәстүрлі түрлерінен басқа үнемі түрлі үйірмелер, клубтар, сонымен қатар олимпиадалар мен конкурстар қолданылды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша оқу-зерттеу жұмыстарының әр түрлерін қолдану оқытудың маңызды компоненті, ал көп жағдайда – дамыту және тәрбиелеу болып табылды. Балаларды қосымша оқыту мектеп қабырғасында ғана емес, басқа да әртүрлі қосымша (мектептен тыс) білім беретін мекемелерде, атап айтсақ, сарайлар, орталықтар, мектептер, студиялар, балаларды сауықтыру-бiлiм беру лагерьлерінде және т.б. іске асырылады. Балаларды қосымша (мектептен тыс) оқыту жүйесі әлемде ұқсас емес отандық білім бер жүйесінің дәстүрі болып табылады.

Қосымша оқытудың қазіргі заманғы түсінігі – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырудың көмегімен оқыту мен тәрбиелеудің мақсатқа сай үдерісі, қосымша білім беру қызметін көрсету және білім-ақпараттық іс-әрекетті негізгі білім беру бағдарламаларының ауқымынан тыс мемлекеттің, қоғамның, адамның қызығушылықтарын ескере отырып іске асыру. Балаларды қосымша оқытудың негізгі мақсаты тұлғаны, оның әр түрлі бағыттағы танымға деген мотивациясын және шығармашылық іс-әрекетін дамыту деп есептеуге болады.

Балаларды қосымша оқыту келесі принциптерге сәйкес іске асырылады:


  • балалардың өзіндік қызығушылығына, бейіміне және қабілетіне сәйкес қосымша білім беру мекемелері мен қосымша білім беру бағдарламаларын еркін таңдап алуы;

  • балалардың әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыратын қосымша білім беру бағдарламаларының әр алуандығы;

  • қосымша білім берудің үздіксіздігі, қосымша білім беру бағдарламаларының сабақтастығы, меңгеру үдерісінде оларды үйлестіру және түзету мүмкіндіктері;

  • баланың жеке дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау;

  • балалар мен педагогтардың шығармашылық ынтымақтастығы;

  • балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтау.

Балаларға қосымша білім беру мемлекеттік стандартқа бағынбайды. Оның мазмұны балалардың, ата-аналардың, басқа әлеуметтік институттардың әлеуметтік тапсырыстарымен анықталады. Қосымша білім беру бағдарламаларының құндылығы, олар саралап және вариативті білім беруге, баланың мұқтаждығы мен қызығушылығына сәйкес жеке даму бағдарын жасауға мүмкіндік туғызуында.

Қосымша білім беру жүйесінде әр түрлі деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының саны өте көп (500-ден артық): дамытушы, оқытушы, сабақтастырылған, зерттеуші және т.б. олардың көпшілігі компьютер мен әр түрлі программалық жабдықтауды қолдануды ұсынады. Қосымша білі беру бағдарламаларын шартты түрде ұзақтығы мен қиындығына қарай төрт деңгейге бөлуге болады:



  1. Іздестіру-диагностикалық білім беру бағдарламалары. Кез -келген жастағы балаларға және уақыты бойынша орташа алғанда жарты жылға есептелген. Олар балалардың қызығушылық бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

  2. Теориялық-бағыттталған білім беру бағдарламалары. Таңдап алынған сала бойынша өз бетімен шығармашылық іс-әрекетке өтуге мүмкіндік береді және 2-3 жыл аралығында іске асырылады. Орта және жоғарғы жастағы оқушыларға арналған.

  3. Кәсіпке дейінгі (кейде бастапқы кәсіби деп те атайды) білім беру бағдарламалары. Соңында сертификат беріліп, 2-5 жыл аралығында іске асырылады.

  4. Эвристикалық (ғылыми-зерттеу) білім беру бағдарламалары. Жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып басынан жоғарғы білім алуға бағыттай отырып, 2-9 жыл аралығында іске асырылады.

Жалпы білім беретін мектептерге «Информатика мен есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізу үйірме мен клуб жұмыстарының техникалық бағытын недәуір кеңейтті. Компьютерлік клубтар пайда бола бастады, олар екі бағытта: программалық жабдық пен компьютердің жұмыс істеу принциптерін жан-жақты оқуға тілек білдірушілер үшін, сонымен қатар компьютерлік ойындар әуесқойлары үшін жұмыс істеді. Компьютердің жұмыс істеу принциптерін оқыту алғашқы кезеңде программалау негіздерін оқытуға бұрды, ол программалаушылық бағытты (мектептер мен балалар шығармашылығы орталықтарында «жас программалаушылардың» әр түрлі үйірмелері) дамытуға әкелді. Мектеп информатикасына он жылдан кейін қосымша жұмыстың тағы бір бағыты – қызметтің әртүрлі саласында тиімді жұмыс жасау құралы ретінде компьютерді (ақпараттық және коммуникациялық технологияларды) қолдану қосылды.

Балалар мен үлкендердің жаңа техникаға тәуелді пәнге деген қызығушылығының артуы оқытудың дәстүрлі түріне елеулі әсер етті, клубтар мен үйірмелер сабаққа ұқсас болды. Оқытудың әртүрлі мәселелерін шешуде компьютерді қолдану, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде оқытуды ұйымдастырудың жаңа тиімді түрлерін дамытуға итермеледі. Оқу іс-әрекетінің (жобалар, жеке практикумдар, ынтымақтастықта оқыту, әр түрлі деңгейдегі оқыту және т.б.) жекеше, топтық және ұжымдық түрін дамытудың жаңа векторын алдық.

2005 жылдан бері балаларды қосымша оқыту мекемелерін ұйымдастыру жергілікті басқару ұйымдарының құзырына кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет