Бидайбеков Е



бет32/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108
Байланысты:
treatise13514

3. Ақпараттық технологиялар

  • Мәлiметтердi енгiзу/шығару, жинау, сақтау, беру және өңдеу. Мәтiндiк және графиктiк құжаттарды, техникалық құжаттарды дайындау.

  • Әртектi ақпараттық ресурстарды интеграциялау мен ұжымдық пайдалану.

  • Ақпараттарды қорғау.

  • Программалау, жобалау, модельдеу, оқыту, диагностикалар, (объектiлердi, үдерістердi, жүйелердi) басқару.


4. Әлеуметтiк информатика

  • Ақпараттық ресурстар қоғамның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуының негiзi ретiнде.

  • Ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және өзектi мәселелерi. Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымы. Ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерi.

  • Ақпараттық қоғамда жеке тұлғаның дамуының жаңа мүмкiншiлiктерi. Ақпараттық қоғамдағы демократияландыру мәселелерi және оларды шешу жолдары. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетi және ақпараттық қауiпсiздiгi.

Білім беру саласы үшiн информатиканың ғылыми бiлiм саласының барлық iргелi негiздерiн қамтитын пәндiк аумағының мейлінше дәл анықтамасы маңызды. Осы келтiрiлген “Информатиканың” пәндiк облысының құрылымы ЮНЕСКО-ның “Бiлiм беру және информатика” II Халықаралық Конгресiнде ұсынылған [30].

Бұл құрылым төрт бөлімдi қамтиды: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика. Теориялық информатика информатиканың философиялық негізгі, математикалық және ақпараттық модельдеу мен алгоритмдер, ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау және жасау әдістерін қамтиды. К.К.Колин айтқандай: “курс құрамына қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтiк-экономикалық аспектiлерiн зерттейтiн, яғни қоғамның дамуына байланысты алдыңғы орынға қойылатын және көкейкестi болып табылатын мәселелер ең алғаш рет енгiзiлдi. Сондықтан, «ақпараттық ресурстар», «ақпараттық инфрақұрылым» және «қоғамның ақпараттық ортасы», сонымен қоса оның «ақпараттық потенциалы»” және “ақпараттық қауiпсiздiгі” сияқты маңызды ұғымдар информатиканың негізгі курсын ынтамен оқып жатқан тыңдаушыларға тамаша қолжетімді материал болмақ. Бұл қоғамды ақпараттандырудың ауқымды үдерістері оның әлеуметтік және экономикалық құрылымына, адамның қоғамдағы орны мен рөлiне мейлiнше белсендi әсер етіп жатқан жағдайда өте маңызды» [11, 80-б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет