Бiрiншi кезең (І-VI) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын программаларын және қарапайым компьютерлiк жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттiң алғашқы элементтерi қалыптасады.
Екiншi кезең(VII-IX) - негізгі курс, информатикадан оқушылардың мiндеттi, жалпы бiлiм берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етедi. Ол оқушылардың есептердi шешудегi ақпараттық технологияның әдiс- тәсілдерiн меңгеруге, кәсіптік, оқу әдiстерiне компьютердi тәртiптi және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.