Биелерді азықтандыру Ерекшеліктері мен денсаулығына әсері Биенің сүт өнімділігі



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі24,32 Kb.
#123649
  1   2   3
Байланысты:
Биелерді азықтандыру (копия)


Жоспар:



  1. Биелерді азықтандыру

  2. Ерекшеліктері мен денсаулығына әсері

  3. Биенің сүт өнімділігі

  4. Қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары



Кіріспе


Құлындаған биеге алғашқы күндері жеңіл қорытылып, ас қорытуына себептесетін бидай кебегі, сұлы жармасы, арпа мен жүгері ұнтағын беріп, біртіндеп сүттілігін арттыратын көкшөп, пішендеме мен тамыртүйнектер үлесін молайтады. Сөйтіп оны сүтейтіп, құлынын алғашқы кездегі негізгі қорегі ене сүтімен қамтамасыз етеді.


Кұлындаған биені 2-3 сағат өткізіп барып суарады, алғашқы күндері температурасы үйдегідей суды 8-10 л-ден ішкізу керек. Түрлі тұқымның биесі, лактация мерзіміне қарай күніне 10-20 л сүт береді. Қорада бағылған кезде тірілей салмағы 500-600 кг құлынды биеге тәулігіне 10-12 кг пішен, 3-4 кг сұлы, 1-2 кг кебек, 3-5 кг сәбіз, аздап күжара қосып ұсынады. Жазды күндері 35-50 кг көк шөп жей алады. Құлындағаннан кейін 2-3 күн биеге суға шыланған кебек пен аздаған майда, жұмсақ пішен беруден бастап, 5-6 күнде толық нормалы азықтандыруға көшіреді. Құнарлы жемді 3-4 күннен бере бастайды. Құлынды биенің әр 100 кг т.с. шаққанда рацион-азығымен – әр 1 а.ө. 100-105 г қорытылатын протеин болатын 2 а.ө. жеткізілуге тиіс. Егер құлынды бие жеңіл жұмысқа пайдаланылса, жоғарыдағы 1-кестеде келтірілген азықтандыру нормасы 30%-ға арттырылады. Құлынды бие отты жайылымда бағылып, оның оты жеткіліксіз жағдайда сапалы пішен, сұлы, кебек және кұнжарамен толықтырылады.


Сауын биені азықтандыру. Құлындағаннан кейінгі уақытта бие сүттілігі -10-12 л дейін, ал сүттілерінікі -15-20 л дейін жетеді. Бір сауым маусымында биеден 1500-2500 л сүт сауылады даодан шипалы сусын – қымыз дайындауға болады. Құлындаған биені қымызға байлап сауатын болса, организімінің мұқтаждығын жасына, тірілей салмағы мен қоңына, тәуліктік сүттіліген сәйкестіндірілген азықтандыру нормасы бойынша азықтандырады.
Құлындағаннан кейінгі мерзімде биені сүтейтіп, сүттілігін арттыра түсетіндей есеппен, кестеде келтірілген негізгі азықтандыру нормасымен нақты сауымы бойынша қажеттігінен 15-20% арттырып, яғни үстемелеп азықтандырады. Үстемелеп азықтандыруды биенің күнделікті сауымы оған қарамай көбеймеген кезде тоқтатып, ары қарай нақты сауымы бойынша азықтандыруға көшеді. Сауылып жүріп буаз болған биенің азықтандыру деңгейін 5-10% көбейтеді. Сауын биені жабық қорада ұстағанда жазда көкшөпті турап беріп, қыста олардың рационына сапалы пішен мен құнарлы жем қоспасына қоса сүтейтетін азықтардан 5-10 кг қызылша мен сәбіз, 5-8 кг картоп, 10-20 кг жақсы сақталған сапалы сүрлем мен пішендеме енгізеді.


Құлынды азықтандыру. Туғаннан кейінгі бір сағаттың ішінде құлын енесінің емшегін іздей бастайды, ал әлсіз құлындардың ауыздануына көмектесу керек. Құлынның тез өсіп, жылдам жетілуі үшін ене сүтімен қоса басқа азықтарды жеуге ерте ұйреткен абзал. Бұл мәселеге әсіресе бие сауылатын шаруашылықтарда баса назар аудару қажет. Қажетті жағдайда құлынды сиыр сүтімен асырайды. Ондай жағдайда майлылығы бие сүтінікінен екі есе артық, белогы да жоғары, ал қанты кем сиыр сүтінің құрамын бие сүтінікіне жақындату үшін 1 л үшінші бөлігі сумен толықтырылып, үстіне 30 г қант қосады. Осындай қосынды сүтті жылытып құлынға алғашқы 3 күнде тәулігіне -12 рет, одан кейінгі 3-4 күнде -10 рет, 2-3 аптада – 7 рет, 4-10-шы аптада -4 рет, 10-16 аптада -3 рет бөліп ішкізеді. Қосынды сүт мөлшерін алғашқы күнднрі -3-5 л бере бастап, 2 аптаның аяғында -12-15 л жеткізеді. Бір жарым айлық құлындарды минералдық қосындылар мен жеңіл қорытылатын ұнтақталып қауызынан тазартылған сұлы мен арпа жармасының қосындысына үйретеді.


Құлынның дұрыс азықтандырылуын қалыпты өсіп-жетілуіне,яғни белгілі мерзімде қажетті салмақ қосымын бақылап біледі. Тұқымы ұсақ құлындар тәулігіне 0,7-0,8 кг, ал тұқымы ірілері -1,4-1,6 кг салмақ қосып отырады. Алтыайда құлын сақа жылқы салмағының –жартысына, ал бір жаста 3/1 жетіп, күнделікті -0,4-0,5 кг салмақ қосуы керек. Құлынды жақсы дамып, тәбеті ашылуы үшін үнемі далада таза ауада күн сәулесі астынада серуендетіп тұрады. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелерінің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелерінің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Ене сүтін құлын кемінде 5-6 ай емуі керек, өйткені енесінен тым ерте айыру күшті стресс беріп, басқа жемшөпке жақсы үйренбесе қатты жүдеп, өсуі тежеледі. Сондықтан құлынды әбден оттығып әлдегенше 7-8 айлығына шейін енесінен ажыратпаған жөн. Тоғыз айлық тұқымдық құлындарға енесінен айырғандағы алғашқы күндері тәулігіне 2-3 кг кебек пен жармаланған сұлының тең қоспасын араластырып беріп, 4-5 кг жақсы пішен, 3-5 кг сәбіз не қызылшаны үш бөліп жегізеді – алдымен суарып, пішен береді де, одан кейін шырынды азық жегізіп, ең соңынан жем салады. Жазда отты жайылымға жайып, қажетті жағдайда қосымша жемдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет