Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


Билет №7 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсінікті қалыптастыру



бет14/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
    Бұл бет үшін навигация:
  • 1-саты
Билет №7

  1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы түсінікті қалыптастыру.

Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт сыныпқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар.
Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы алғашқы ұғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бұл заттардың құрамы және кейбір химиялық қасиеттері атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтық заң және периодтық жүйе, заттың құрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр сыныпқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары және қасиеттері электрондық теорияның тұрғысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдар электрон-иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы негізгі ұғым қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылады. Оның теориялық негізі-атом-молекулалық ілім. Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегі мен қышқыл қалдығы, бейметалл мен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындағы байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.Үшінші кезеңі электролиттік диссоциациялану теориясын өткенде басталады. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың құрылысы туралы электрондық тұрғыдан алынған мәліметтер олардың суда еріп диссоциациялануын түсіндіру үшін пайдаланылады.

  1. Оқу процесінің мәні. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің негізгі кезеңдері.Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі — оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті оның білім алуының негізгі әрі ең маңызды факторы. Оқу-танымдық іс-әрекет оқушының сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындауы кезінде жасалатын негізгі психологиялық-педагогикалық үрдісі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің сыныптағы жоғарғы қарқыны сабақтың жоғарғы ұйымдастырылу деңгейіне, тақырыптың қызықтылығына, меңгерілетін жаңа материалдың өзіне керектігін оқушының өзінің түсініп, саналы түрде қабылдауына көбіне-көп тәуелді болдаы. Оқытудың немесе методологиялық негізі философия болып саналады. Гносеология – танымдық теориясы. Диалектика заңдылықтары жатады. Философиялық ілімге сүйене отырып (дидактика) оқытуды, оқу-танымдық үрдістің бір бөлігі деп есептейді.
Сонымен, танып-білу – бұл адамның сана-сезімінде қоршаған дүниенің бейнелену үрдісі. Ғылыми тану өзара бірлікте болатын нақтылы-сезімдік және абстрактілік түрде өтеді. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда таным бірнеше сатыға бөлінеді: 1-сатынақты пайымдау, сезім мүшелері және түйсік арқылы айнала қоршаған орта дүниелерін тану; сезімсіз біз ешнәрсені де тани алмаймыз;
2-саты – абстрактілік ойлау, бұл кезде танудың алғашқы сатысында алынған жаңа материалдар адамның ми қызметі арқылы оның санасында өңделеді, қорытындыланады, тұжырымдалады, синтезделеді, бір жүйеге келтіріледі.
3-саты – тәжірибелік. Адам айнала қоршаған ортаны ой тұжырымы арқылы ғана танып қоймай, зерттік тәжірибелер кезінде алынған мәліметтердің ақиқаттығына көз жеткізеді. Танымның бұл сатысында адамның барлық танымдық қызметтері «жұмыс істейді».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет