Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


Тапсырма: халықтық педагогикалық даналықты білдіретін бірнеше мақал-мәтелдерді еске түсіріңіз



бет32/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Тапсырма: халықтық педагогикалық даналықты білдіретін бірнеше мақал-мәтелдерді еске түсіріңіз.

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  • Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын.

  • Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой.

  • Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

Талап қфлмай, мұратқа жетпес.

21. билет 1 сұрағы


Оқушының біліміндегі олқылықтардың алдын алу және жою мұғалім жұмысындағы маңызды құрамдас бөліктердің бірі болып табылады және бұл жұмыстың қанағаттанарлықсыз сапасы оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою оқушы үшін іс жүзінде мүмкін болмайтын деңгейге дейін жиналуына әкеледі және ол тұрақты сәтсіздікке ұшырайды. 
Сонымен қатар, оқушы бұрын өткен тақырыптар бойынша білім мен дағдыларға негізделген жаңа материалды игеру мүмкін емес. Мысалы, оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сынып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардың ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бұл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сынып жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларына, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн.
Әрбір мұғалім өз педагогикалық қызметіне үлгерімі төмен көптеген оқушыларды кездестіреді. Оқушылардың үлгермеуінің себептерін білу мұғалімге сабаққа дайындық кезінде олардың кейбірін жоюға көмектеседі. Оқушылардың артта қалуын болдырмау олардың біліміндегі проблемалармен күресуден гөрі оңай.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге аса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы.

21 билет 2 сұрақ


Ұжым(collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.

Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет