Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері



бет33/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
22. сұрақ 1 сұрағы
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды.




22 билет 2 сұрақ
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:

1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.


23. сұрақ 1 сұрағы.
Жазбаша – графикалық жұмыстарды тексеру. Екінші кең қолданатын бақылау әдісі жазбаша-графикалық жұмыстарды тексеру болып табылады. Бұл әдістің өзінің сапалық ерекшеліктері бар: ауызша тексеруге қарағанда мынадай ерекшеліктері бар: уақыттың үнемделуі, тексерілетіндердің барлығын қамтиды.
Жазбаша жұмыстар:

  • теориялық материалдар бойынша білімдерді тексеру;

  • оны есеп шығаруда қолдана білу;

  • қалыптасқан біліктерді бақылау үшін қолданады.

Жазбаша – графикалық әдістердің негізгі 4 кезеңі бар: дайындық, ұйымдастыру, өткізу, нәтижелерді талдау. Дайындық кезеңінде: бақылаудың мақсатын бөліп алу, бақылау объектісінің мазмұнын бөліп алу, бақылау тапсырмаларын құру. Бұл кезеңде оқу-әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұмыстарының үлгілері көмектеседі.
Тексеру жұмысын ұйымдастыру барысында оқушыларға тапсырмалардың түрлері, жұмысты қалай атау және жұмысты орындау уақыты айтылады. Сол арада оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау.
Оқушылардың жауаптарын белгілі бір жүйе (сызба) бойынша талдаса, ол анағұрлым тиімді болады. Мұқият өткізілген талдау кемістіктерді терең зерттеуге, әрбір оқушының жетістіктерін білуге, типтік қателіктерді ерекшелеуге, оқушылардың негізгі қиындықтарын және олардың пайда болуы мен оларды жою тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұлардың оқушыларды қалай игергені көрнекті көрсету арқылы, тәжірибе жасату арқылы, тәжірибе жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқылы анықталады.
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрсеткен тәжірибені білімін тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселелерге көңіл аударады және бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуін қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуын, құрал құрастыруын, тәжірибе жасауын және құбылыстарды бақылауын һ, құбылысты түсіндіруін және химиялық тілмен жазуын.
Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады.
Оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдылары зертханалық тәжірибелер және сарамандық жұмыстар кезінде тексеріледі. Ол үшін мұғалім тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болу тиісті біліктер мен дағдылардың тізбесін жасайды. Мәселен хлор сутекті және тұз қышқылын алу тәжірибесіндегі тізбе мынадай болуы мүмкін.
Мұғалім 4-6 оқушының тәжірибені қалай жасағанын қадағалап, әр білік пен дағдының тұсына белгі қояды да, олардың жиынтығы және оқушылардың жазба есебі бойынша бағалайды.
Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру және бақылау сарамандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулық және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызба – нұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті. 6) түсіндіру және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тәртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі.
Мұғалім келтірілген біліктер мен дағдылардың орындалуын сапасын талдауға және зертханалық жұмыс кезіндегі бақылауларға сүйеніп, әр оқушының жұмысын бақылайды.
23 билет 2 сұрағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет