Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


Химиядан оқу жұмысын жоспарлаудың маңызы мен міндеттері. Жоспарлау түрлері. Бағдарламаның жеке тақырыптары бойынша жоспарлау үлгілері



бет36/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Билет №25

  1. Химиядан оқу жұмысын жоспарлаудың маңызы мен міндеттері. Жоспарлау түрлері. Бағдарламаның жеке тақырыптары бойынша жоспарлау үлгілері.

Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі− жоспарлау, ол екі түрлі:тақырыптық жоспар және әр сабақтың жоспары.Тақырыптық жоспар кластар бойынша бір жылға жасалады.Бағдарлама және оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады.Қосымша әдебиеттерді және методикалық құралдарды пайдаланып сабақтың мақсаттары, мазмұны, типі, әдістері мен құралдары белгіленеді.Қазірші методикада және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың әр түрлі құрылымы пайдалануда.Химияны оқу методикасының сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны, сан есептері, көрнекі көрсету және зертханалық эксперимент, ескертулер көрсетілген.
Химияны оқытуды жоспарлаудың міндеттері:  Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады жэне химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жоніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.

  • химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.

  • пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеу жэне түсіну саласында физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады.

  • табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру.

  • орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу

  • химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.

Жеке тақырыптар бойынша жоспарлаудың үлгісі ретінде көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет