Билет 1 Ақпараттық қауіпсіздік ұғымы


Билет 9 1. Программалар мен деректерді компьютерлік вирустардан қорғау



бет21/58
Дата15.06.2022
өлшемі159,51 Kb.
#36890
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Билет 9
1. Программалар мен деректерді компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз «зақымдалған» дискета, диск,флеш жады немесе «зақымдалған файлмен бірге түсуі мүмкін.Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» программа деп аталады.Вирус басқа программаларды тауып зақымдайды, олардың қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Компьютерлік вирусты ең бірінші рет 1989 жылы американдық студент Моррис жіберген. Осының салдарынан көптеген компьютерлер істен шыққан, ел экономикасына айтарлықтай зиян келген. Компьютерлік вирустар интернет желісі, сыртқы тасымалдашы құралдар арқылы жұғады.
Компъютерлік вирустердің өмірлік циклі міндетті түрде келесі фазалардан тұрады:
1) латенттік период, вирустың ешқандай қимыл жасамайтын уақыты;
2) өсу периоды, вирустың тек қана көбею уақыты;
3) белсенді период, көбеюмен бірге вирус алгоритміне салынған рұхсатсыз қимылдар жасалатын уақыт.
Алғашқы екі фаза вирус көзін, оның өту каналын жасырып және барынша көп файлды бүлдіріп, вирус білінгенше жаралау қызметін атқарады.
Вирустардан қорғайтын программалар мыналарға бөлінеді: детектор-программасы вирустарды табады; иммуназатор.
Бүгінгі таңда ең танымал (әйгілі) антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVR, Aidstest, Adinf, DoctorWeb және DSAV. DoctorWeb дестелерін жатқызуға болады. DoctorWeb антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша элементі болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрынғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды табуға (оның таба алатын мүмкіндігі зор) мүмкіндік береді. DoctorWeb антивирустық программасы 1994 жылы шығарылған. Дәл қазіргі уақытта бұл программаның нұсқалары көптеп шығарылған.
Компьютерлік вирустарды тауып, жою үшін DoctorWeb программа дестесін қолдану тәртібі.
1. Негізгі мәзірдің немесе жұмыс орнының тиісті таңбашасының басу немесе Программа – DoctorWeb – DoctorWeb командасымен DoctorWeb программасын іске қосу.
2. Баптау – Орнатуды өзгерту командасының, Орнату таңбашасын немесе Ғ9 функциялық пернесінің оперативті түрде жадында сақтауын тестілегеннен кейін параметрлер терезесін шақырып, қарау керек әрі қажет болған жағдайда вирустарды іздестіруді орындайтын режимді қалпына келтіру;
3. Программаның негізгі терезесінде тексерілуі тиіс дискіні көрсету.
4. Тексеруді бастау/аяқтау командасын орындау үшін Файл -Тексеруді бастау немесе СігІ+Ғ5 перңесін бірге басумен тексеру процесін іске қосу.
5. Файл – Шығу командасымен, Шығу таңбашасымен немесе Alt+ X пернесін үштастырумен дестенің жұмысын аяқтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет