2. «Білім туралы Заңның» негізгі ережелері.
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты міндеттер «Білім туралы» Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
оқушының шығармашылығын дамыту.
адамгершілік тәрбиесін беру.
салауатты өмір салтының негізін жасау.
баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
елжандылыққа тәрбиелеу.
құқықтық тәрбие беру.
саналы тәртіпке тәрбиелеу.
қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
білім беруді ақпараттандыру.
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
«Білім туралы Заң» жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.
Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері – мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.