Билет №1 Педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы



бет15/61
Дата19.05.2023
өлшемі155,73 Kb.
#95046
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Жеке міндеттеме - белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады.
Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы.
Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы.
• Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі.
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.


БИЛЕТ №9
.Ақыл-ой тәрбиесі, оның міндеттері. Ақыл- ой тәрбиесінің құралдары.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас бұлақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат". Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойнша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет