Ынтымақтастық педагогикасы Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін (дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;
- тұлғаны дамыту идеясы.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады
Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.
Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады.
Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.
Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі.
Жастар философиясы. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы диалектикалық-материалистік философияны түсіндіреді.
Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал.
Мектеп және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы
БИЛЕТ №17 Мектептегі әдістемелік жұмыс және оның маңызы Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы тұрғысынан талдап, оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет, керек болған жағдайда тағы да өткізіледі.
Мектепте бір пән бойынша үш мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады. Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер құрылады. Әдістемелік жұмыстың жоспары бір жылға жасалады. Оны директор бекітеді.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері, ашық сабақтарды талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференциялар өткізеді, оқушылардың жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды.
Мектептің әдістемелік кеңесіне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдер, шебер мұғалімдер, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді. Әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы – мектепішілік педагогикалық оқулар, конференциялар.
Оқу жылының яяғында мектеп мәселелерін шешуге үлес қосқан әдістемелік жинақтар педагогикалық ұжым назарына ұсынылады.
Әдістемелік кеңес мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын қайталамайды. Ол әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бағыттап әрбір мұғалімнің теориялық білімін жетілдіреді. Ал педагогикалық кеңес мұғалімдердің мәселе бойынша атқарған тәжірибелік жұмысының нәтижелерін шығарады.
Әдістемелік бірлестікті ұйымдастырушылык; қабілеті бар, шығармашылықпен айналысатын мұғалім басқарады. Ол бір жылға сайланады, ұсынылады.
Әдістемелік жұмысты директор басқарып, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бағыт беріп, бақылайды.
Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:
• мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көтеру;
• типтік оқу бағдарламаларына сүйеніп оқу бағдарламалық құжаттарды, пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды жасау;
• оқу бағдарламалық құжаттарды талдау;
• оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып үйрену және қолдану;
• жетіспейтін оқыту құралдарын жасау;
• тестілік тапсырмаларды жасау;
• озат педагогикалық тәжіриебені анықтау, зерттеу, қалыптастыру және тарату;
• жас мұғалімдерге көмектесіп, өзара сабақтарға және ашық сабақтарға қатысу және оларды талдау;
• пән бойынша байқауларды, олипиадаларды өткізу;
БИЛЕТ №18 Сабақтың типтері және олардың құрылымы. Қазіргі уақыттағы сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.