билет доктрина


-БИЛЕТ 1)«Этногенез», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз



бет36/38
Дата12.05.2023
өлшемі93,23 Kb.
#92655
түріНұсқаулар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Тарих билет жауаптары ЖМБ-2022

29-БИЛЕТ
1)«Этногенез», «этнос» терминдеріне анықтама беріңіз.
Этногенез (грек тіл. "тайпа, халық", "шығу тегі") — әртүрлі этникалық компоненттер негізінде этникалық қауымдастықты (этникалық топты) қосу процесі. Этногенез этникалық тарихтың бастапқы кезеңін білдіреді. Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады
Этнос — бұл белгілі бір аумақта ұзақ уақыт бойы бірге өмір сүру, жалпы тіл, мәдениет, өмір салты, өзін-өзі тану және өзіне тән атаулармен біріктірілген тұрақты адам тобы. Қазақстанда 100-ден астам этникалық топ бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді: қазақтар, өзбектер, украиндер, татарлар, немістер, ұйғырлар.


2) Жастарға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктерін сипаттаңыз. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы қаулысы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылымиөндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.Посткеңестік елдер тарихында алғаш рет дарынды жастар толықтай мемлекет есебінен шетелде сапалы білім алынуына мүмкіндіктер берілді.2014 жылы Майамида(АҚШ) Болашақ бағдарламасы ең үздік степиандаттық бағдарлама деп танылды.2020 жылға дейін Болашақпен 14мың жастар білім алып шықты. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға (жетекші компаниялар мен университеттерде) мүмкіндік береді. Сөйтіп "Болашақ" бағдарламасы жоғары білікті мамандар элитасын қалыптастыруға ықпал етеді. Оның түлектері қоғамның дамуына оң әсер етеді, яғни азаматтық, бейбітшіл кәсіпкерлік қоғамды құра отырып, елдің технологиялық дамуына ықпал етед.Бағдарлама түлектері бүгінде мемлекеттік қызметте,компанияларда,жекеменшік секторда,халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдарда табысты жұмыс істейді.Бұл жоба қоғамның ұлттық,зияткерлік зиялыларын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет