Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы



бет71/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
3)Атырау қаласының тарихы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен. Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайықжәне Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды. Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды. Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді. Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі. Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымында басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң, 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады.

  • 1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.

  • 1865 жылы уездік қала болды.

  • 1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы

  • 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы

  • 1929 жылы Гурьев округінің орталығы

  • 1930 жылы аудан орталығы

  • 1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.

  • 1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет