Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)Қазақстан ерте темір дәуірінде



бет24/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

12-билет
1)Қазақстан ерте темір дәуірінде: Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды. Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ.
2)Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді. 1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіпЕміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік ҚазақстанМәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады. Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталығына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет