Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология



бет9/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

БИЛЕТ 4
1) Ойылу туралы түсінік. «Ойылу» анықтамалары. Ойылудың пайда болуына әкелетін негізгі және басқа да факторлар. Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер немесе жұмсақ тіндердің өліеттенуі.Ойылу пайда болатын жерлер: шығыңқы сүйектер, яғни
- науқас шалқасынан жатқанда: шүйде, жауырын, омыртқа жоталары, шынтақ, сегізкөз,
құйымшақ, үлкен ұршық, өкше;
- науқас етбетімен жатқанда: бет сүйектері, бұғана, жамбас астауының алдыңғы беті, тізе, тобықтың сыртқы бөлігі.Ойылудың пайда болу себептері: .Мейірбикенің дұрыс күтпеуі;
- ауыр халдегі науқастардың ұзақ уақыт бір бағытта жатуы;
- дымқыл, ластанған төсек орындар мен іш киімдер;
- төсектегі бүктемелер және тағам қалдықтары;
- кірлеген тері.Ойылудың белгілері:
1-ші кезең белгілері: эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Терісі қызарып, ісіп, қабыршықтанады.
Жүргізілетін шаралар: - теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, 40% спирт пен сулы сабынды ерітіндісі);
- ойылуға қарсы дөңгелектер, жастықшаларды қолдану.
2-ші кезеңнің белгілері: тері жамылғыларының беткей бұзылулары тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырап, күлбір пайда болады. Сужауыр дамиды.
Жүргізілетін шаралар: - сужауыр айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеу;
- сужауырға бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағу,
- құрғақ таңғыш қою (таңғыш күніне 2-3 мәрте ауыстырылады).
3-ші кезеңнің белгілері: бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Күлбір жарылып, жауыржара дамиды.
Жүргізілетін шаралар: - шіріген тіндерді хирургиялық жолмен алып, жараны асептикалық ерітінділермен жуу;
-майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы) қою (таңғыш күніне 2-3 мәрте ауыстырылады).
4-ші кезеңнің белгілері: терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің, бұлшық еттердің, ауыр түрінде сүйектерге дейін зақымдану байқалып, некроз (шіру) дамиды.
Жүргізілетін шаралар: - некроз тоқтағаннан кейін, хирургиялық жолмен өлген тіндерді алып тастау, жараға асептикалық ерітінділермен таңғыш қою(таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады);
-ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен (3% сутегі асқын тотығы) өңдеу, жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қою.Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет.
Оның негізгі алдын алу шаралары:
- Егер пациенттің жағдайы жараса, оның жату (етбетінен, шалқасынан, оң қырынан, сол қырынан т.б.) қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.
- Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.
- Науқасқа төсекті тегіс, жайлы етіп дайындау (төселетін ақ жайманың тігісі, қыртысы болмауы).
- Тері тазалығын сақтау.
- Тері ылғалдылығын төмендету.
- Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.
- Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек
- Терісін жылы сумен жуу немесе антисептикалық ерітінділердің біреуімен
сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.
- Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан
айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау
керек.
- Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп,
ұнтақ себу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет