3)Ішкі киімді ауыстыру Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.
Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, терінің мейірбике қолымен жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.
Дайындаңыз: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды антисептикалық түрде жуыңыз.
Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.
Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.
Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.
Науқасты жастықтарға жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).
Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).
Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.
Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.
БИЛЕТ 13 1)Наркотикалық, психотропты және әсері күшті дәрілік заттарды сақтау және есепке алу ережелері 1. Белгіленген үлгідегі арнайы рецептуралық бланкіде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар ІІ Санаттағы "А" мен "В" тобы дәрілік заттары жазылып беріледі.
2. Арнайы рецептуралық бланкілердегі рецептер оған қол қойған дәрігердің қолымен жазылып, емдеу-алдын алу ұйымының мөртабанымен, дөңгелек мөрімен, дәрігердің жеке мөрімен, емдеу-алдын алу ұйымының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тағайындалуы үшін толық жауапкершілікте болатын бас дәрігерінің немесе оның орынбасарының қолымен расталады.
Рецептте науқастың медициналық құжаттамасының (амбулаториялық картасының, ауру тарихының) нөмірі мен мекен-жайы көрсетілуі тиіс.
3. Жеңілдікті жағдайда босату үшін ІІ санаттағы дәрілік заттарды жазып бергенде, арнайы рецептуралық бланкке қосымша 108-У үлгідегі бланкте рецепт жазылып беріледі.
4. ІІ Санаттағы дәрілік заттарды нашақорлықтан зардап шегетін науқасқа жазып беруге тыйым салынады.
5. Емдеу алдын-алу ұйымының мөртабанымен және "Рецептер үшін" мөрімен, дәрігердің қолы және жеке мөрімен расталған 107-У үлгідегі бланкаларда ІІІ Санаттағы және ІV Санаттағы дәрілік заттар жазылып беріледі.
6. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды жоғары бір жолғы қабылдаудан асатын мөлшерде жазып бергенде, дәрігер бұл дәрінің мөлшерін жазбаша жазуға және леп белгісін қоюға міндетті.
Дәрігер бұл талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазылып берілген затты жоғары бір жолғы қабылдау ретінде белгілеген мөлшердің жартысы көлемінде босатуға міндетті.
7. Амбулаториялық науқастарға этил спиртіне, фентанилге, сондай-ақ құрамында кокаин гидрохлориді бар дәрілік заттарға рецептер жазып беруге және оларға босатуға рұқсат етілмейді.
8. Бір рецептуралық бланкіде ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы бір дәрілік заттарды жазып беруге рұқсат етіледі.
9. Науқасқа құрамына есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар кіретін дәрілік заттарды босатқанда, фармацевтика қызметкері рецепттің сыртқы бетінде босатылған дәрілік заттың аталымын, көлемін, мерзімін көрсетуге және босатушы қолын қоюға міндетті.
10. Рецептте жазылып берілген есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындалған түрлер құрамынан тыс басқа ингредиенттермен аралас босатуға тыйым салынады.
11. Құрамында ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дайын және экстемпоральды дайындалған заттарды босатқанда, рецепттің орнына дәрімен бірге жоғары бөлігінде сары жолағы және қара әріптермен "Сигнатура" деген жазуы, заттаңбасына немесе зауыттық таңбалануына толық сәйкес келетін мәліметтері бар сигнатура беріліп, дәріхана мөрімен расталады.
Сигнатура ІІ, ІІІ, ІV Санаттардағы дәрілердің сатып алынуы мен қолданылуының заңдылығын растайтын құжат болып табылады.
12. 13, 14, 15, 17-тармақтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, науқастарға бір рецептте төменде көрсетілгеннен асатын көлемдегі дәрілік препараттарды жазып беруге және босатуға рұқсат етілмейді: