Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология



бет35/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

Ескерту:
емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;
зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);
асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егер де шприцке сұйықтық түспесе, онда сүңгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;
асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге еңгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;
бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;
егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылытқыш қойылмайды;
лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.
3)Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

  2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

  3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

  5. Қолыңызды антисептикалық түрде тазартыңыз.

  6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

  7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

  8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

  9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

  10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет