Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


БИЛЕТ 17 1)Клизма туралы түсінік. Клизманың түрлері және клизма қоюдың мақсаты



бет42/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

БИЛЕТ 17
1)Клизма туралы түсінік. Клизманың түрлері және клизма қоюдың мақсаты.
Клизма — Тазарту клизмасын жасау үшін арнайы грелкаға 4—6 стакан (температурасы 25—35°С) су құяды. Су ағызатын түтікте ауа қалып қоймауын қадағалау керек, бұл үшін шүмекті ашып, азырақ суын ағызады. Грелканы 1,5—2 м көтеріп, шегеге іледі. Кереуетке клеенка төсеген жөн. Науқас сол жақ бүйіріне, төсектің Шетіне таман, тізесін бүгіл жатуға тиіс. Түтіктің вазелин жағылған ұшын еппен бұрай итеріл тік ішекке енгізіл, одан кейін шүмекті ашады. Түтіктің ұшын суырып алғаннан кейін науқас бірден дәретке бармай 5—10 минут шыдауға тиіс. Балалар клизмасы үшін әдетте резеңке баллон қолданылады.
Клизманың түрлері:тазарту клизмасы,сифон клизмасы,майлы клизмасы,тұзды клизмасы,дәрілік клизмасы
Мақсаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.
2) МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылытыңыз.

  3. Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

  4. Антисептикалық түрде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

  5. Мұрын жолдарын қараңыз, егер де бөлініс немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).

  6. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

  7. Оң қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.

  8. Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

  9. Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

  10. Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

  11. Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

  12. Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.

  13. Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

  14. 2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Науқастан хал-жағдайын сұраңыз.

  15. Қолыңызды жуып кептіріңіз. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: - майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).
- пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітінді тек қана бір науқасқа қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет