Билеттер 1-билет Белсенді датчиктер



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#23504
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
билеттер (копия)


Билеттер

1-билет

1.Белсенді датчиктер

Датчик өлшенетін шаманы тіркеуге және тасымалдауға ыңғайлы сигналға айналдыратын құрал.

Датчиктер дегеніміз сыртқы жағдайлардың әсерінен өзінің электрлік параметрін (кедергісін, сиымдылығын, индуктивтілігін) өзгертіп, соның салдарынан тізбектегі тоқ күші мен кернеудің өзгеруіне әкеліп соғатын информацияны немесе өлшенетін шаманы тіркеуге және тасымалдауға ыңғайлы сигналға айналдыратын құрал. 

Датчиктер биологиялық жүйе рецепторларының техникалық аналогы тәріздес.

Кіріс сигналдарын түрлендіру сипаттамасына қарай датчиктер биологиялық жүйелерде қолданылатын және энергетикалық болып екі топқа бөлінеді. 

МБ ақпарат әсерінен параметрлерін тікелей өзгертетін биологиялық жүйелерде қолданылатын датчиктер активті (генераторлық) және пассивті (параметрлік) болып бөлінеді.

Датчиктер генераторлық және параметрлік болып бөлінеді:

Генераторлық датчиктер – өлшенетін сигналдардың әсерінен тікелей кернеу немесе тоқ өндіретін (генерациялайтын ) датчиктер. Мысалы: 

1)пьезоэлектрлік 

2) термоэлектрлік

3)индукциялық

4) фотоэлектрлік

Параметрлік датчиктер – өлшенетін сигналдардың әсерінен белгілі бір параметр шамасы өзгеретін датчиктер . Мысалы : 

1) сиымдылық 

2) реостаттық 

3) индуктивтік

Өлшенетін шамаға байланысты датчиктерді:

Қысымдық

Тензометрлік

т.б. деп те бөледі

Датчиктермен жұмыс істегенде оларға тән бұзылуларды ескеру қажет. Оның себебі мыналар болуы мүмкін: 

1)түрлендіруші функцияның

температураға тәуелділігі; 

2)гистерезис – датчиктегі қайтпайтын 

процесстердің нәтижесінде болатын,

өте баяу өзгергеннің өзінде «у»–тің

«х» – тен кешігуі ; 

3) түрлендіру функциясының уақыт

бойынша тұрақсыздығы; 

4)датчиктің биологиялық жүйеге қайта

әсер етуі;

5) датчиктің инерттілігі,

т.б.

2.Терможұпты бөліктеу

Екі ұшы дәнекерленген әр текті металдан тұратын құралда электр энергиясы дененің ішкі энергиясынан пайда болады, температураның айырымы терможұп немесе термоэлемент деп аталады.

Терможұптар кең интервалда ( -270-тен +15000С-ке дейін) температураны өлшеу үшін қолданылады.

Егер дәнекерлеу арқылы жартылай өткізгішті терможұпқа бөгде көзден кемтікті электронды (термотоктың бағытына қарсы болса) жартылай өткізгішке тұрақты ток жіберсек онда сәйкес жартылай өткізгіштерде токтан пайда болған кемтік пен электрондар байланысқан дәнекерлеуде кездесіп рекомбинацияланады. Бұл жағдайда потенциалдық энергия кинетикалық сияқты жылуға айналады да , дәнекерлеу қызады. Кері бағытта дәнекерлеуде токтан электрон кемтік жұбы энергия шығындалып пайда болады. Дәнекер суиды. Бұл құбылыс Пельтье эффектісі деп аталады. Терможұпты температураны өлшеуге қолдану үшін бөліктеуге тура келеді. Ол үшін тізбекте пайда болған терможұптағы (немесе гальванометрдің ауытқуына сәйкес) қыздырылған дәнекерлеудің температурасының айырмасы мен дәнекерлеудің тұрақты температурасының ЭҚК-і арасындағы тәуелділікті аламыз. Термоэлектрқозғаушы күшті өлшеу үшін гальванометр (милливольтметрлер) немесе потенциометр қолданылады.

А және В қыздырылған және тұрақты температураларға сәйкес дәнекерлері, Г-гальванометр, Rқос- гальванометрдің ауытқуын болдырмас үшін тізбекке ендірілген қосымша кедергі. Қыздырылған дәнекерді тұрақты қыздырылатын сұйықтығы бар ваннаға салса, басқасы – термостатталады. Ваннаның температурасы термометрмен өлшенеді.

Бөліктеу гальванометрдің ауытқуы немесе қыздырылған дәнекердегі температураның термоэлектрқозғаушы күшінің шамасы арқылы жүзеге асырылады.

Градуирлеудің қорытындысын график көрсетеді: горизонталь оське қыздырылған дәнекердің температурасы салынса, вертикаль оське гальванометрдің ауытқуы немесе термо ЭҚК-ң шамасы салынады.

Е термо ЭҚК-і температураның онша үлкен емес өзгерулерінде t2-t1 температураларының айырмасына пропорционал өзгереді:

Е=KT (t2-t1)

Онда шектелген температура интервалында терможұптың ЭҚК-ң қыздырылған дәнекерлеудің температурасына тәуелділігі түзу сызық болады. Кең температура интервалында көптеген терможұптарда пропорционалдылықтан ауытқулар байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет