Билікті бөлу заң шығару,атқару,сот қызметі Дайындаған: Нұрмұхамедов Әли Ғаниұлы



Дата20.09.2022
өлшемі1,13 Mb.
#39607
Байланысты:
АЛИ ПРЕЗЕНТАЦИЯ БИЛІК


Билікті бөлу(заң шығару,атқару,сот қызметі
Дайындаған:Нұрмұхамедов Әли Ғаниұлы
Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелеріБилiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида. Соған сәйкес “мемлекеттік билік” ұғымының өзі бір-біріне тәуелсіз органдар жүзеге асыратын әр қилы билік жүргізу қызметтерінің (заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері) жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Заң шығарушы билік — демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі
Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз
.Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады.
https://kk.wikipedia.org
engime.org
Дереккөздер
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет