V. СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ АТА – АНАЛАРМЕН АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ В.А. Сухомлинский оқушылардың ата–аналарымен жұмыс
істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен
бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға
үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы
мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету
факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте
мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата –
аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: 1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін
қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі
арттырып отыру..
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі 1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және
әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту
жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-
психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі
қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
61
Ата-аналардың мектеп жұмысына белсенді араласуы үшін жасалатын жұмыс түрлері (ұсынылым) Өтініш, ұсыныс айту