13
айтысы – домбыра тарту және импровизациялау өнерінен республикалық айтыс
өтеді. Сондай-ақ мерекелік кеште Qazaqstan орталық концерт залында Роза
Рымбаеваның шығармашылығына арналған концерт өтеді. Қала тұрғындары мен
елорда қонақтары үшін Сәкен Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік – елімнің
ерлік жолы» атты тақырыптық көрмені тамашалауға болады.
Мереке аясында Қазақстан Республикасының елордасы Астанада әр салаға
еңбегі сіңген қайраткерлер, еңбек ардагерлері, ерлік көрсеткен азаматтар
марапатталады. Білім беру ұйымдарында дөңгелек үстелдер, пікірсайыс
турнирлері, көрмелер, белгілі тұлғалармен кездесулер, конференциялар,
шығармашылық байқаулар, эссе және мәнерлеп оқу байқаулары өткізіледі.
Астанада мерекеге орайластырылған TEATRALL халықаралық театр фестивалі
өтуде. Фестивальге 14 театр қатысуда – 8 қазақстандық және 6 шетелден
шақырылған. ЭКСПО көрмесінің жанындағы алаңда «Қазақстаным менің!»
мерекелік концерті өтеді. «Қазақстан» орталық концерт залында Роза
Рымбаеваның шығармашылығына арналған концерт ұйымдастырылып жатыр.
Бейбітшілік және келісім сарайында «Мәңгілік ел дауысы» концерттік
бағдарламасын тамашалауға есік ашық. Балалар жарысы елордалық футбол
федерациясы мен «Дәулет» теннис орталығымен бірлесіп, «Этно ауыл» ұлттық-
мәдени кешенінің аумағында ат спортынан спартакиада мен бәйге түрлерінен
жарыстар өткізілуде. Елордада сағат 21:00-де Республика күніне орай отшашу
атылды. Оның ұзақтығы шамамен 10 минут, ал жыпылықтау саны 3,5 мың.
Қазақстандықтар Республика күнін кең пейілмен және ашық тойламақ.
Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, Республика күні ұлттық
мереке еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы
тиіс.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қабылданды. Дәл осы күн Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде
саяси-құқықтық және экономикалық негіздерінің қалыптасуының бастауы
болды.
Достарыңызбен бөлісу: