10
1.
Орта білім беру ұйымдарында Республика күнін өткізу жөніндегі
әдістемелік нұсқаулар
25 қазан – Қазақстан тарихындағы ең маңызды күн. 25 қазан – еліміз үшін
Қазақстан тарихындағы ең маңызды атаулы күндердің бірі. 1990 жылдың дәл
осы күні Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі
туралы Декларация және
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері
қабылданды. Онда тұңғыш рет территорияның тұтастығы, бөлінбейтіндігі және
мызғымастығы, халықтар мен олардың
тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық
бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді.
Сондай-ақ
құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу
принципі жарияланды. Қазақ ССР өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік
және ішкі істер органдарын құру құқығын алды.
Президент ел басшысы,
әкімшілік және атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды.
Достарыңызбен бөлісу: