ИС BestProfi © 22.04.2016
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N
125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21
сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191
болып енгізілді.
Редакция 04.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
5
-бабының
19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық
және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім
алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесі бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Ӛмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден ӛткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияласын.
3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан,
аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан ӛткізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481
бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ӛткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
ИС BestProfi©
2
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық
бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан ӛткізу үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
19
) тармақшасына сәйкес әзірленді
және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін
анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім
беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында ӛткізетін білім алушылардың
білімдерін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан
кейінгі бӛлігінің немесе барлық кӛлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында
жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында кӛзделген оқу пәндерінің кӛлемін меңгеру
дәрежесін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім;
4) экстерн - денсаулығына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі
жоқ және шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ жалпы орта білім беру ұйымдарында оқуын
уақытылы аяқтамаған тұлғалар.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық аттестаттауды
ӛткізудің тәртібі
3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының
негізінде аттестатталады.
1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық - педагогтік консультацияның
ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе ӛзге де заңды ӛкілдердің) бойынша
қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне
баға қойылмайды.
4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып,
барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім
алушылар кӛшіріледі.
Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-
сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз кӛшіріледі.
5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта,
жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау
мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында
ӛткізіледі.
6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы
бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық
материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері
ӛткізеді.
ИС BestProfi©
3
7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы
аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін ӛткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына
сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін,
нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-cыныптардың білім
алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да кӛп пәндерден
қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық
кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының
бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім
алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест
тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады "3", "4", "5" бағалар
алған білім алушылар келесі сыныпқа кӛшіріледі.
10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім
алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында
осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.
Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта
аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта
оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және ӛзге де заңды ӛкілдердің)
және медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп
оқытатын сыныптарға ауыстырылады.
3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан ӛткізу тәртібі
11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім
алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда
ӛткізіледі:
1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан;
2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі -
ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары.
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек
білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім
туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндерден
республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері
үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында ӛтеді.
Тізбесін білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын жалпы білім беретін пәндер
бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми
жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ жалпы білім
беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы осы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми
жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) қатысушылары, «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» дербес білім беру ұйымдарының, халықаралық мектептердің бітірушілері осы
бұйрыққа
1-1-қосымшаға
сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім
туралы аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру
шкаласы негізінде берілген ҰБТ сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер қорытынды аттестаттауды білім беру
ұйымында мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында ӛтеді.
14. Білім алушыларды қорытынды атестаттауды қорытынды емтихан және мемлекеттік
бітіру емтихандарын ӛткізу жӛніндегі комиссия (бұдан әрі - емтихан комиссиясы) жалпы
білім беру ұйымдарында ӛткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшылары басқаратын емтихан комиссияларының құрамына
білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән
мұғалімдері кіреді.
ИС BestProfi©
4
Емтихан комиссияларының саны мен жеке құрамы (кемінде 5 адам) жыл сайын 20
сәуірден кешіктірілмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және
күнтізбелік жыл бойы күшінде болады.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16. Қорытынды аттестаттау ӛткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және 9 (10) сыныптардың
білім алушылары үшін қорытынды емтихан, 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін
ҰБТ және мемлекеттік бітіру емтихандарын ӛткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.
17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.
18. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11 (12)-сыныптар білім алушыларының пәндер
бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде
қойылады.
5-11 (12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды
бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікке енгізуге жататын барлық пәндерден
жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10)-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім
туралы үздік куәлік беріледі.
10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндерден жылдық,
қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары «5» болған 11 (12)-сынып
бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер ҰБТ-да бір балл
жетпеуіне байланысты жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын растамаған
жағдайда, оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10)-сыныптардың білім
алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды аттестаттау ӛткенге
дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында)
орындауға рұқсат етіледі.
20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене тәрбиесі
сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа кӛшіру мен қорытынды аттестаттауға
жіберілуіне әсер етпейді.
21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-
сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша
емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;
Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта
қорытынды емтихандарды және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік
бітіру емтихандарын ӛткізу мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалық білім
басқармалары, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының келісімімен аудандық және
қалалық білім бӛлімдері ағымдағы жылдың 25 маусымынан кешіктірмей белгілейді.
2) үш немесе одан да кӛп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың
білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
3) үш немесе одан да кӛп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-
сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық оқу курсын ӛткендігі
туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық оқу курсын ӛткендігі
туралы анықтама алған білім алушыларды білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері
бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі.
ИС BestProfi©
5
22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары
(жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.
Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта
тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде
білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа кӛшіріледі.
24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық,
Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының бұйрықтарымен, республикалық
білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай
жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;
3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға
(жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.
25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай
құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша
жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың дәрігерлік-консультациялық
комиссиясының қорытындысы.
2) педагогикалық кеңес шешімінің кӛшірмесі және мектептің қолдау хаты;
3) үлгерім табельдері және білім алушының тәртібі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында кӛрсетілген құжаттар білім беру ұйымы
басшысының қолымен және білім беру ұйымының мӛрімен расталады.
26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары
ӛтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.
27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана
және Алматы қалаларының білім басқармалары дайындайды.
28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
29. Комиссия мүшелерінің кӛпшілік дауыстарының шешімімен оның тӛрағасы
келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бӛлімдері шешеді.
30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда,
емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру
ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бӛлімдері,
облыстық (қалалық) білім басқармалары жанынан құрылған апелляциялық комиссияға
шағымдануына құқығы бар.
31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды
аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын
шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын
қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында ӛткізіледі.
32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде
қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын ӛткізу қажеттілігі туралы
мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.
4. ҰБТ-ны ӛткізу тәртібі тарауы алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын ӛткізу тәртібі
65. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн
бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша ӛткізіледі.
Кестеде:
ИС BestProfi©
6
әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның
ӛткізілуі қарастырылады.
66. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9 (10)-сыныпта диктантқа - 2 (2,5)
астрономиялық сағат, шығармаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 (3,5)
астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 (3,5) астрономиялық сағат (математика
пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бӛлінеді.
11 (12)-сыныпта шығармаға - 6 (6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 (4,5)
астрономиялық сағат, диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4
(4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат)
бӛлінеді.
67. Жазбаша емтихандарды ӛткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бӛлмелерін дайындау
қажет: 11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім алушылар
бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім
алушыларға мектептің мӛртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім
алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бӛлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар
сол аяқтамаған қалпында тапсырады.
68. Жазбаша емтихан ӛтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5
минутқа сынып бӛлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан
комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген уақыты
жазылады.
69. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері
білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады.
Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.
Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы қателер
саны жеке кӛрсетіледі.
Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазбаша жұмыстарға "2"
(қанағаттанарлықсыз) және "5" (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.
Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының
емтихан комиссиясы белгілейді.
9 (10) және 11 (12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта
білім беру курсындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен
бағаланады.
70. Негізгі жалпы білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9 (10)-сынып, сондай-ақ
ӛзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің жалпы орта білім туралы "Алтын
белгі" аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық
музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер 11 (12)-
сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын оқу орнының емтихан
комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер кӛп
болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.
71. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан
жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім
беру ұйымында білім алушылардың саны кӛп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін
сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды ӛткізу
бойынша) екінші нұсқа бойынша ӛткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |