«Қанағаттанарлықсыз» бағасына
|
0 сандық эквиваленті және 0-49% пайыздық құрамы бар F бағасы сәйкес келеді. Бұл баға білім алушы модуль (пән) бағдарламасының жартысынан астамын игермегенін көрсеткен жағдайда қойылады. Педагогтің қосымша және нақтылаушы сұрақтары білім алушының жауабын түзетуге әкелмейді. Бағдарламада көзделген негізгі материалды білуде олқылықтардың болуы, жауаптарда принципті қателіктер жіберілген, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нысандарында көзделген жеке тапсырмалар орындалмаған жағдайда.
|
Білім алушының рейтингін қою шкаласы
Пән/Модуль
|
Оқыту нәтижелері
|
Бағалау критерийлері
|
Ағымдағы баға, балл
|
КМ 01. …
|
РО 1.1. …
|
…
|
60
|
…
|
70
|
…
|
90
|
РО 1.2. …
|
…
|
50
|
…
|
80
|
…
|
40
|
…
|
|
|
Үлгерімді ағымдағы бақылау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша рейтингтік баллдармен бағаланады. Білім алушы пән/модуль бойынша емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы 50 балдан кем болмаған жағдайда ғана жіберіледі.
Аралық аттестаттау білім алушылар академиялық кезең ішінде бір пәннің/модульдің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игергеннен кейін өткізіледі.
Қорытынды баға оқу нәтижелері бойынша рейтингтен және емтихан үшін бағадан немесе пән/модуль бойынша сараланған сынақтан құралады, мұнда емтиханның үлес салмағы 40% құрайды.
Қорытынды баға (рейтинг) пән/модуль бойынша мына формула бойынша есептеледі:
Қ = 0,6 х (ОН 1+…+ОН N)/N+ 0,4 х Е, мұнда:
ОН-оқыту нәтижесі;
N-оқыту нәтижелерінің саны;
Е-емтихан бағасы немесе сараланған тест.
Білім алушының аты-жөні
|
02.09
|
10. 09
|
12.09
|
25.09
|
ОН1
|
06.10
|
12.10
|
18.10
|
24.10
|
ОН2
|
Е
|
Қ
|
Ахметов Т.И.
|
75
|
80
|
85
|
90
|
82,5
|
80
|
90
|
70
|
80
|
80
|
95
|
86,75
|
Егер білім алушы кемінде 50 балл жинаса, оқу пәні/модулі игерілген болып саналады. Оқытушы олимпиадаларға белсенді қатысқаны, баяндамалар мен мақалалар дайындағаны және т.б. үшін, сондай-ақ өзіндік жауап үшін, семестр бойы сабақтағы белсенді жұмысы үшін + жалпы рұқсат беру рейтингіне 10% ынталандыру балдарын пайдалана отырып, білім алушылардың рейтингін көтере алады.
Ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі:
– бағалау процесінің барынша объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін оқу орындары ағымдағы бақылау, біліктілік немесе модуль /пән бойынша аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу үшін бағалау парақтарын (чек-парақтарды) әзірлейді;
– бағалау парақтарын педагог білім беру ұйымы белгілеген нысандарға сәйкес әзірлейді;
– педагог білім алушы алған бағасы туралы нақты түсінікке ие болуы үшін бағалардың әрқайсысына қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі сипаттайды;
– педагог кері байланысты ұсына отырып, бағалау парақтарын уақтылы толтырады;
– бағалау парағында (чек-парақта) балдарды санағаннан кейін рұқсат беру рейтингі қағаз және электрондық журналдардың, білім алушының үлгерім кітапшасының және емтихан ведомосінің тиісті бағанына қойылады.
– білім алушылар алдын ала бағалау үшін Бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі;
– біліктілік, модуль / пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасы (емтихан бағасы немесе сараланған сынақ) бойынша бағаланатын рейтинг негізінде қойылады);
– келесі семестрге ауысатын Модульдер/пәндер бойынша сараланған сынақты ағымдағы үлгерімнің бағасы бойынша қоюға рұқсат етіледі;
– келесі семестрлерге ауысатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша сараланған сынақты қоюға ағымдағы үлгерімнің бағасы бойынша жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |