Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ректоскоп, салфеткалар, вазелин, шпатель, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, шылапшын, алжапқыш, қолғап, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.
Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту:
ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі;
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
138. Науқасты цистоскопияға даярлау
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: цистоскоп, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтар.