Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет30/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   146
Көрсеткіштері: науқастың енжарлық қалпы.
Құрал-жабдықтар: жылы су (37-380С), сабын немесе сусабын, шылапшын, крушка, тісі жиі тарақ, сүлгі, 6% сірке су ерітіндісі, таза бас орамал (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшық, қолғап, ҚЖКЖК


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.

  2. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрасты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.

  4. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.

  5. Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.

  6. Науқастың басын сорғалып аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.

  7. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараган бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.

  8. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.

  9. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.

  10. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  11. Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз.

  12. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.

  13. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.



Ескерту:

  • халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;

  • осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастын астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;

  • әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;

  • ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;

  • 6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет