Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Халі ауыр ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ



бет36/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146
Халі ауыр ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ



Мақсаты: жыныс мүшелері аймағының тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: науқастың халі ауыр жағдайында.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, корнцанг, пинцет,салфеткалар, қолғап, клеенка, жаялық, сабын, судно, ішінде суы бар құмыра (судың t-37-380С) немесе Эсмарх крушкасы,керме, ҚЖКЖК .


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен сенімділік қарым-қатынас орнатып; процедура мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз,егер процедура барысы паллатада өтетін болса кермені(ширма) қойыңыз

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.

  4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.

  5. Науқастың оң жағынан тұрыңыз.

  6. Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті алыңыз.

  7. Жыныс мүшесінің қасаға, бұтаралығын, аналь тесігін мүқият жуыңыз.

  8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағыттап жуыңыз, жыныс мүшесінің басынан бастап: ума, аналь тесігін кезектілікпен жуып,салфеткаларды ауыстыра отырып, құрғатыңыз.

  9. Жыныс мүшесінің үстіне салфетканы қойып 3,4- ші саусақтарыңызбен ұстап, ал 1,2- ші саусақтарыңызбен оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.Жыныс мүшесінің басын айналмалы қозғалыстармен сағат тілінің бағытында салфетканы фурацилин ерітіндісіне малып жуыңыз.

  10. Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.

  11. Судноны, клеенканы, жаялықты кезекті зарарсыздандыру үшін жинаңыз.Қолданылған салфеткаларды және қолғапты ҚЖКЖК- ға салыңыз.

  12. Төсек-орнын жазықтап, науқасты жабыңыз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  14. Кермені жинаңыз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет