Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін



бет82/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   146
Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін

бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру


Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Көрсеткіштері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 70% спирт, сұйықтық, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйе, флакондағы дәрілік ерітінді, мақта шариктері, қолғап, бет перде, қайшы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, тамшылатуға арналған штатив (тіректі), ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеп, бет перде мен қолғапты киіңіз.

  2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

  3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз).

  4. Флаконның металды қалпағын спирттелген мақта шаригімен өңдеп, ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

  5. Спирттелген екінші мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын өңдеңіз.

  6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.




  1. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

  2. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз).

  3. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз.

  4. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

  5. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

  6. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

  7. Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет