Білім алушының өзіндік жұмысы. Аңыз



бет3/3
Дата04.11.2022
өлшемі29,8 Kb.
#47363
1   2   3
ШАЙТАНКӨЛ жайлы тағы да аңыз.
Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында Құдайға арнап мал сойып, Құран оқытады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтың үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық ша­панды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен «тұра тұрыңдар, бәлем!» деп кете барады. Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап:
-Ойбай, шайтан!-деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, «пісмілда» деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті.
Бұл аңыз топонимикалық аңызға жатады. Өйткені, Шайтанкөлде болған оқиға жайлы жазылған. Бұл жерде үнемі қорқынышты оқиғалар болған, яғни, жоғарыда айтқанымыздай, екі жастың қаза болуы т.б сол сияқты.
Негізгі идеясы: Байлардың кедей адамды менсінбей, сыртқы болмысына қарап баға беруі, оны өз қатарларына қоспауы және ақылды кедейдің бір топ байды ақылының арқасында, бәрін қорқытып шайтан рөліне шығып, байларды қуып жіберуі.
Бұл жерден түйетін ой–адам баласының сыртқы болмысына қарап емес, ішкі әлеміне және адамгершілігіне қарап бағалау керектігін түсіндіретін адамға сабақ беретін аңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет