Қалқанша маңы бездері
— қалқанша бездің жоғарғы және
төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратогармон бөледі.
Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен
фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін,
зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі
паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D
дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып,
оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейд
Эпифиз
(шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде,
рһуо — өскін, бүр) —аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін
ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан
дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай
дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын
бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ
глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. боялу сипатына қарай
ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. дамуын
бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы деңгейін
жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп
шығарады.
Қорытынды
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы
секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық
бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге
құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )
немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер
дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық
бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және
қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і
секрециялық немесе бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын
ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа
шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан
тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап,
мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат
алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл
тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон деп атайды.
Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын,
организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және
энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады.
Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі
секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік,
айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс
аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен
жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі
ішкі секрециялық қызмет атқарады. Баланың эмбриондық дамуы
кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да
жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан
кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады.
Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен
дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының
жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет
қабілетіне байланысты болады.
Ішкі секреция бездерінің қызметін өз тарапында орталық жүйке
жүйесі реттеп отырады.
|