Білім алушының рет саны : «Физика»пәнінен1-тоқсанғаарналғанжиынтықбағалаудыңтапсырмалары Контейнерге толтырылған судың биіктігі 15 м. Төменнен 10 м биікте орналасқан түтікше суретте көрсетілгендей ашылады. Су түтікшеден қандай жылдамдықпен ағып шығады? (g = 9,8 м/с2)
9,9 м/с
14,1 м/с
15,0 м/с
17,3 м/с
[1]
Тыныштықта тұрған доп вертикаль төмен құлайды. 1 с-тан соң горизонталь жазықтықтан серпіледі және қайтадан жоғары көтерілгенше бастапқы мезеттен 1,5 с уақыт өтеді.
Графикті пайдаланып, доп жылдамдығының өзгерісін сипаттаңыз.
[1]
Доп бастапқы орнымен салыстырғанда 1,5 с ішінде қандай орын ауыстыру жасағанын есептеңіз.
[2]
Ұзындығы L= 3 м біртекті сырықтың бір ұшынан d=1 м қашықтықта тірек қойылған. Осы шетінен салмағы W=25 Н жүк ілінгенде сырық тепе-теңдікте болады.
Сырықтың тепе-теңдік шартын жазыңыз.
Сырықтың массасын анықтаңыз.
[1]
[2]
Биік төбеден горизонталь бағытта 8,2 м/с жылдамдықпен лақтырылған доптың траекториясы суретте берілген (ауа кедергісі ескерілмеген).
Доп жылдамдығы Р нүктесінде горизонтпен 60º бұрыш жасайды. Осы кезде оның жылдамдығы қандай болады?
[2]
Суретте бастапқы горизонталь жылдамдығы келесі мәндерге ие болған жағдайлар үшін доп траекториясын сызыңыз:
жылдамдығы 8,2 м/с-тан үлкен және ауа кедергісі ескерілмейді. Бұл траекторияны В әрпімен белгілеңіз;
[1]
жылдамдығы 8,2 м/с-ке тең және ауа кедергісі ескеріледі. Бұл жағдайда траекторияны С әрпімен белгілеңіз.
[1]
Жіпке байланған тас горизонталь жазықтықта 5.1-суретте көрсетілгендей тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалады.
(a) Тас қозғалысының бірқалыпты не үдемелі болатындығы туралы қорытынды жасап, түсіндіріңіз.
[1]
5.1-сурет
(b) Тастың салмағы 5,0 Н. Жіп вертикальмен 350бұрыш жасаған кездегі жіптің керілу күші T-ға тең. Тасқа әрекет ететін қорытқы күш мәнін есептеңіз.
[3]
5.2-сурет
Массасы 40 г металл шар вертикаль серіппеге 6.1-суретте көрсетілгендей құлайды.
6.1-сурет
Серіппе ұстатқышқа вертикаль бекітілген. Шар серіппеге 2,8 м/с жылдамдықпен соғылады. Шар құлаған соң серіппе шармен бірге төмен қарай сығылады.
Серіппеге соғылар алдында шардың кинетикалық энергиясы 0,16 Дж болғандығын дәлелдеңіз.
[1]
Сығылу кезінде серіппеге әсер еткен күштің х деформацияға тәуелділігі 6.2-суретте берілген. Серіппенің максимал сығылуы 𝑋𝐵, қатаңдығы 800 Н/м.