Күні
|
|
Дайындаған оқытушы
|
Әбдіхамит А.Қ
|
Пән /Модуль
|
Химия
|
Топ
|
107,110,115
|
Сабақтың тақырыбы
|
Химиялық өндірістің ғылыми принциптері. Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары
|
Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)
|
10.2.1.17 металдармен бейметалдардың және қосылыстарының табиғатта таралуын білу;
10.4.1.1 Кейбір металдармен бейметалл және оның қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерттеу;
|
Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)
|
Оқушы мақсатқа жетеді,егер:
- металдармен бейметалдардың проценттік үлесін білсе
- негізгі табиғи минералдардың аты және химиялық құрамын білсе
- Қазақстандағы шығарылатын аймақтарын білсе
- кейбір металдар мен бейметалдың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалай білсе
|
Бағалау критерийлері
|
- металдармен бейметалдардың және қосылыстарының табиғатта таралуын білу;
- кейбір металдар мен бейметалл және қосылыстарыныың қоршаған ортаға әсерін зерттеу;
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
Оқыту әдістері мен тәсілдері
|
Сұрақ- жауап, ой толғаныс, репродуктивті кестелермен жұмыс, іскерлік ойындар, топтармен жұмыс
|
Пәнаралық
Байланыс
|
Физика, география, биология
|
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
|
Интерактивті тақтаны және ноутбукты қолдану
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
|
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
|
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.
|
Химия 10 сынып ГБ. Металдармен бейметалдардың және қосылыстарының табиғатта таралуы. Презентация
слайд 4-6.
|
Білімді жаңарту
(15мин.)
|
Мұғалім «True/False» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманың бекітілгенін тексереді.Оқушылар берілген тапсырманың жауабын мини тақтаға жазып мұғалімге көрсетеді.
Сұрақтар:
1.Металдар Периодтық кестеде оң жақ төменгі бұрышында орналасқан.
2.Металдарда сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар саны бестен көп.
3.Периодта солдан оңға қарай иондану энергиясының мәні артады.
4.Барлық металдардың агрегаттық кұйі қатты.
5.Бейметалдардың электртерістілік мәні жоғары
6.Натрий атомының радиусы хлор атомының радиусынан үлкен.
7.Бейметалдарға металдық кристалдық тор тән.
8.Күкірт тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді жоғары тотығу дәрежесінде.
9.Мыс тұз қышқылымен әрекеттесіп тұзбен сутегі түзеді.
10.Мырыш мысты тұздарынан ығыстырады
11.Гидроксидтердің қышқылдық-негіздік қасиеттері периодта оңнан солға өзгереді.
12.Литий оксиді амфотерлі қасиет көрсетеді
13.Натрий химиялық реакцияларда тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш болады.
14.Орын басу реакциясы жай және күрделі заттар арасындағы реакция.
15.Алюминий және оның қосылыстары амфотерлі қасиет көрсетеді. .
Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылап,сабақтың тақырыбымен мақсатын айтады.Оқушылар бағалау критерийін құрастырады.
|
Химия 10 сынып ГБ. Металдармен бейметалдардың және қосылыстарының табиғатта таралуы.
Презентация
слайд 7,8
Оқушылар
(сабақ барысында) интернет ресурсын қолданады
Химия 10 класс ГБ.
Металдармен бейметалдардың және қосылыстарының табиғатта таралуы.
Презентация
Слайд 9
|
Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)
|
Мұғалім оқушыларды Random.com.әдісі арқылы 4 топқа бөледі.Табиғатта көп кездесетін металдарды (Al, Fe, Cr, Ca, Mg, Cu) және бейметалдарды (Si, C, P, S,Cl,N) және олардың қосылыстарын қарастыруды ұсынады.
1-топ – Al, Fe, Cr
2-топ – Ca, Mg, Cu
3-топ– Si, C, P
4 -топ – S,Cl,N
Мәлімет беру үшін оқушылар постер құрады,мына сұрақтарға жауап іздейді:
1.Металл және бейметалдың табиғаттағы пайыздық үлесі.
2.Негізгі табиғи минералдардың аты және химиялық құрамы.
3.Негізгі табылатын жері
4.Қазақстанда осы элементтердің таралуы.
5.Металдармен бейметалдардың және қосылыстарының қоршаған ортаға әсері.
Сөзді дайында барысында оқушылар келесі қағидаларды ескерулері керек: мазмұнның тақырыпқа сай келуін; ыңғайға сәйкес ғылыми тілде мазмұндауға; топ мүшелерінің барлығының қатысуын; уақыттың сәйкестігі (3 минуттан көп емес); сұрақтарға жауап беруге. Әр топ келесі топқа ең көп дегенде сұрақ қоюға құқылы.
|
|
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)
|
Әрбір топ өздерінің жұмыстарын қорғайды,басқа топтар берілген қағидалар бойынша бағалайды.
Бағалау критерииі
|
Деңгейі
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
Безендіру және көрнекілік
|
Постер ойдағыдай жарық емес
|
Постер жарық, бірақ ақпарат жүйеленбеген
|
Постер түсіну үшін түсті және қабылдауға ыңғайлы
|
Ақпараттың дұрыс берілуі
|
Постердегі ақпарат түбегейлісіз
|
Постерде кей қателіктер жіберілген
|
Постерде дұрыс ақпарат берілген
|
Мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі
|
Мазмұн толығымен сәйкес келмейді
|
Мазмұн жартылай сәйкес келмейді
|
Мазмұн толығымен сәйкес келеді
|
Топтағы мүшелердің барлығының қатысуы
|
Біреуі ғана қатысса
|
Топтағының жартысы ғана қатысса
|
Талдауға бәрі қатысса
|
Уақытқа шектелуі
|
Уақытқа шектелмеуі
|
Уақыттан асып кетуі
|
Уақытты дұрыс пайдалануы
|
Сұрақтарға жауап беруі
|
Сұрақтарға жауап бермеуі
|
Жауаптар толық емес
|
Жауаптары толық
|
|
|
|