АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология институты
Арнайы білім беру бағдарламасы
2 курс логопедия мамандандырылуының
педагогикалық практикасының
Баяндама Тақырыбы: Есту/сөйлеу/интеллект/көру қабілетінің бұзылыстары түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде психологиялық-педагогикалық тексеру құжаттамасын зерделеу
Практика жетекшісі ; п.ғ.магистрі аға оқытушы Байдосова.Д.Қ
Алматы 2022
Есту/сөйлеу/интеллект/көру қабілетінің бұзылыстары түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде психологиялық-педагогикалық тексеру құжаттамасын зерделеу
Есту қабілетінде бұзылыстар бар балардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері Есту қабілетінде кемістігі бар балалармен – сурдопедагогтар жұмыс жасайды.
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады.
Білім алудың ерекше қажеттілігін қанағаттандыру
Түзете-дамытушылық жұмыс бүкіл педагогикалық процесті қамтиды және балалардың оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы түзету жұмысының бағыттары ақпараттар мен білімдерін талдауға ерекше жағдайлар жасау, әлеуметтік байланыстар мен балалардың қажеттіліктерін, пәнаралық байланыстар мен танымдық қызығушылықтарын дамыту, арнайы оқыту әдістерін таңдау, арнайы түзету пәндері арқылы жүзеге асырылады.