Білім беру бағдарламасы 3-курс студенті Айгелді Әсем Талғатқызына пікір



Дата11.01.2023
өлшемі13,08 Kb.
#60938
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Пікір


Шымкент университеті
Педагогикалық ғылымдар факультеті
Педагогика кафедрасы
6В01301-Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы
3-курс студенті Айгелді Әсем Талғатқызына
ПІКІР

Айгелді Әсем Талғатқызы 07.11.2022 - 25.11.2022ж.ж. аралығында педагогикалық (үзіліссіз) іс-тәжірибеден М.Горький атындағы №12 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 «А » сыныбында өтті. Студент алғашқы күннен-ақ мектеп өміріне, оқыту үдерісіне қызығушылық танытты. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтарын, сыныптан тыс жұмыстарын өте жоғары дәрежеде өткізе алды. Бірнеше бақылау сабақтарына қатысты, пән мұғалімімен кеңесе отырып, сабақтарын жоғары деңгейде жүргізді. Жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана отырып, мазмұнды, мағыналы, жаңашыл сабақтарымен сынып жетекшісін, әдіскерді тәнті етті. Сын тұрғысынан ойлау, SWOT кесте, РАФТ технологияларын тиімді пайдалана алды. Техникалық құралдарды да орнымен қолданып, ізденімпаз маман боларын дәлелдеді. Сондай-ақ, мінез көркемдігімен, өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасы, ұйімдастыру қабілеті, мәдениеттілігімен балаларды баурап алды. Осындай ерекшеліктерін байқап, мектеп әкімшілігі Айгелді Әсем Талғатқызының болашағынан үміт күттіретін сапалы маман болады деп сенім білдіреді.


..................... Мектеп директоры:


Шымкент университеті
Педагогикалық ғылымдар факультеті
Педагогика кафедрасы
6В01301 – Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы
2 курс студенті Мирзакулова Шохруза Рустамовнаға


ПІКІР

Мирзакулова Шохруза Рустамовна 28.02.22 – 14.03.22ж. аралығында педагогикалық (үзіліссіз) іс-тәжірибеден Шымкент қаласы, М.Горький атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінен өтті. Өзіне жүктелген міндетке үлкен жауапкершіліпен қарап, күнделікті сабағына тиянақтылықпен дайындалып келді. Тәжірибе кезінде сабақта тек оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша көрнекіліктермен, қызықты ойындармен өткізе білді. Сабақ жүргізуде, түсіндіруде оқушылардың пәнге қызығушылығын оята білді. Сабақта әр тақырыпқа байланысты көрнекіліктер пайдаланып, тірек-сызбаны қолдануы, сыныптың сабаққа көбінің қатысуы, топпен жұмыс істеуі, уақытты бөліп үйренгенін көрсете білді.


Мирзакулова Шохруза сөйлеу мәнерімен, өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, ұйымдастыра білу қабілетімен ерекшеленді. Ол берілген тапсырманы тиянақты, жауапкершілікпен орындайды. Осындай ерекшеліктерін байқап мектеп дирекциясы Шохруза болашақта жақсы маманы болады деп сенім білдіреміз.

С.Ерубаев атындағы


№24 IT мектеп лицей директоры: Нысанбаева Ж.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет