8-сурет. Мұғалім-зерттеушінің әдістемелік және зерттеу құзыреттілігі
-
1.
Зерттеу жүргізу саласында педагогтерді оқыту бойынша іс-шараларды
жоспарлау
Зерттеу және әдістемелік құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейін және
педагогтердің қажеттіліктерін анықтағаннан кейін мектеп әкімшілігі зерттеу жүргізу
саласындағы арнайы дағдылар мен біліктіліктерді меңгеруде әдістемелік қолдау көрсету
үшін оқыту іс-шараларын өткізуді жоспарлайды. Бұл коучинг, семинар, практикум,
тренинг, консультация, менторинг, курстар, мастер-класс, педкеңес, практикалық
конференциялар, озық тәжірибе мектептері, әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық
топтар, Lesson study, Action Research, ашық сабақтар, мұғалімдердің шығармашылық
есептері, экскурсиялар, жаңашыл педагогтармен кездесулер, педкеңестер сияқты
нысандар мен әдістер болуы мүмкін. Жеке: өздігінен білім алу, тағылымдама,
шығармашылық тақырыпты әзірлеу, Action Research, сабақтарға өзара қатысу, өзін-өзі
талдау, әңгімелесу, кеңесу, әкімшіліктің кейіннен талдай отырып, сабаққа қатысуы, сабақ
жоспарларын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |