Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


-тапсырма Тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз. Графикалық ерекшеліктің мәтіндегі ойды білдіруінің маңызы қандай?



бет49/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

3-тапсырма
Тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз. Графикалық ерекшеліктің мәтіндегі ойды білдіруінің маңызы қандай?
Ертеректе ел ішіндегі Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары достық нешеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық,екіншісі амал достық.
Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз дегендерге Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа болады деп жауап берген екен Әйтімбет(Қ.Мырзагелді,Қ.Темірбаева «Өнеге»).
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  • Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

  • Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өткізу формасы: сұрақ-жауап
Бағалау критерийлері:

  • Ауызша тіл мен жазба тілдің ерекшеліктерін білу;

  • Жазба тілді меңгеру сатыларын көрсету.

Әдебиет: 5,13,20,32,40

4 семинар тақырыбы: Жазу теориясындағы графема ұғымы


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Графема ұғымы туралы.

  2. Б.Куртенэ графема туралы.

  3. Қазіргі тіл біліміндегі графема туралы пікірлер.

Жазба тіл мен ауызша тіл, тілдің ауызша формасы мен жазба формасы сияқты таптастырулардың шығуы және жазу мәртебесінің анықталуы бұл саланың өзіндік дербес, ең кіші бірлігін іздестіруді талап етті. Ең кіші бірлік әліпбиді құрайтын әріптер болып көрінді де. Алайда әр адамның өзіне тән жазуы болатынынан бастап, әріптердің өзі жазба, баспа болып, бірмәнді, көпмәнді болып бөлінуіне дейінгінің арасында әріптердің тұрпаты өзгергенмен мазмұндық жағы өзгермейтіні белгілі болды. Осы жағдай Бодуэн де Куртенэ “Это постоянно в нашей психике существующее представление звука, т.е. одновременного сложного комплекса прозносительных работ и получаемых от этого впечатлений, мы будем называть фонемою” дей отырып, егер әріппен бір нәрсені табалауға болса, ол графема, яғни әріптің психикалық елесі, графема жазу-көру елесі, ол фонемамен ассоциацияланып тұрады, “графема-бұл жазудың ары қарай бөлшектенбейтін ең қарапайым елесі” деді.
Фонеманың абстракті ұғым болғаны сияқты, жазба тілдің де мағына ажы-ратқыш ең кіші, абстракті ұғымы –графема –сөйтіп, XX ғ. Басында ғылыми айналымға келді. Бүгінгі лингвистика графеманы екі түрлі түсіндіреді: 1) жазба форманың ең кіші бірлігі, яғни ауызша тілдегі фонема қызметінде; 2) жазба мәтіннің сегменті, яғни әріп ретінде. Бұл графеманың ауызша тілде фонеманы, жаза тілде әріпті білдіреді деген сипатын айқындайды. Қазіргі әдебиеттерге қарасақ, графеманы әріп қатынасында былай сипаттайды: графема мен әріп ұғымы бір (Л.В.Щерба, Б.И.Осипов), графеманың баспа баспа екі түрі, жазба екі варианты бар (Т.Николаева, В.Ф.Иванова), графема фонеманы беретін жазудағы ең кіші бірлік, ол бірнеше әріптен де тұруы мүмкін (Л.Р.Зиндер), барлық графикалық таңбалар графема болп табылады (Ю.С.Маслов), графема –инвариант, әріп –вариант, графема таңбалаушы мен таңбаланушының бірлігі (В.М,Солнцев); графема графикалық жүйенің инвентарін құрушы, фонеманың репрезентациясы, фонемамен корреляциялық қатынаста тұратын бірлік.
Сонымен, XX ғ. аяғындағы жазу теориясы жазу бірліктерін абстракті графема мен нақты әріпке ажыратып, жазба жүйе бірліктерін жасады. Егер біз тілді таңба деп алсақ, таңбаның таңбалаушы –таңбаланушылық сипаты тілдің екі жақты меже сипатына сәйкес келетін болса, онда ауызша тіл формасының өз мазмұн және тұрпат межесі болады. Ауызша тілдің мазмұн межесі –дыбыс, тұрпат межесі –фонема болып табылады да, жазба тілдің мазмұн межесі –графема, тұрпат межесі –әріп болп шықпақ.
Б. Куртенэ айтуы бойынша, графема ауызша тілдің а) фонемасын, ә) фонемалар жиынтығын, б) жартылай фонеманы, в) бір фонема мен басқа бір фонема элементінің тіркесін бейнелейді. Жазба мәтінде графема а) әріп, ә) әріп тіркесі, б) басқа да графикалық амалдар арқылы көрінеді.
Ғалым әріптер әртүрлі болып таңбаланғанмен оларды ортақ графемасы арқылы танып аламыз. Сондықтан бір графеманың әртүрлі формаларын бірінің орнына бірін ауыстыра береміз, мысалы, каллиграфиялық және типографиялық әріптерді немесе каллиграфиялық әріптің өзінің 2-3 түрлі формасын алсақ та болады дейді.

ауызша тіл

инвариант

фонема




вариант

дыбыс

жазба тіл

инвариант

графема




вариант

әріп



3-сурет. Ауызша тіл мен жазба тіл бірліктері
Мұндағы фонема мен графема –көзге көрініп, құлаққа естілмейтін абстракті единицалар(3-сурет). Олар тек дыбыс пен әріп арқылы ғана реализацияланады. Т.А.Амирова: “Фонологиялық жүйенің инварианты –фонема, графикалық жүйенің инварианты –графема. Әліпбиді алғаш жасаушылар құлаққа естілетін барлық дыбыстарға таңба бере бермеді, олар абстрактілеп, жалпыландыру жағын көп ойластырған” дейді. Т.А.Амирова фонема мен графема арасындағы негізгі айырмашылықтыадамның психикалық қабылдау тұрғысынан түсіндіру керектігін айтады. Бодуэн де Куртенэ жазу мен тілдің арасындағы нақты байланыс бірден-бір психикалық болуы мүмкін деген. Бір қарағанда фонема мен графема бір сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ жазу сауаты жоқ адамның санасында графема арқылы ойлау жүйесі болмайды. Графема –графикалық ойлау жүйесінің бірлігі. Естілген сөзді қағазға таңбалау дыбыс реңктерін фонемаға айналдырып, фонеманы сол жазудың графемасына кодтау арқылы жүреді. Сонда графема белгілі бір жазу түріне негізделеді. Біз белгілі бір сөзді айтқанда, не естігенде графема тұрпатымен қоса елестетіп отырамыз. Ол әріп тұрпатына, қаріп түріне каллиграфияға қатысты емес. Сонда ауызша тіл жазба тілге дыбыстық ортақ, негізгі реңкі –фонеманың сол тілдің әліпбиінде бар әріптің мазмұны болып табылатын графеманың сәйкестігі арқылы аударылатын болып шығады. Дыбыс пен әріп саны көп, фонема мен графема –белгілі бір шегі бар бірліктер. Фонема мен графеманың үнемі сәйкес, бірдей түсе беретін кезі болмайды. Графемаға қойылатын ең негізгі және нақты талап қосалқы варианттардың болмауы.
Графеманы үш түрлі тұрғыда талдауға болады дейді зерттеушілер: синтагмалық (фонемамен линейлі сәйкестігі), парадигмалық (графеманы графикалық жүйенің құрылымдық элементі ретінде қарау, мұнда графема адам санасында орналасқан болады), семиотикалық (таңба ретінде белгілеуші де белгіленуші де бола ала алуы).
Т.А.Амирова қазіргі тілші қауым арасында әріп пен графеманы бір деп ашық айтып отырған ғалымдар азайды дегенмен еңбектерге көз жүгірте отырып, оларды көбі бұрынғыша ойлайтынына көз жеткізуге болады дейді. Әріпті алфавит элементі етіп, графеманы тілдің графикалық жүйесі етіп түсіндіру осы екі ұғымның саралануына жол ашты деген Т.А.Амирова: “Әріптер әртүрлі жұмсалым кезінде графемамен сәйкес келеді, бірақ барлық жағдайда оны таңбаламайды” деген.
Сөйтіп, жазу саласының қомақты зерттеулерінің өзінде графеманы –әріп, графиканы –графема деп шатастыру бар. Мысалы, жалпы жазу теориясына арналған оқулықтардың өзінде графема әріп болып, әріптің әсіресе 3-4 позициядағы түрлері аллограф ретінде, ал әріптің баспа, жазба түрі, кіші, бас әріп, оның аллографы болып қарастырылады. С.М.Кузьмина: “Бас, кіші әріп дегендердің фонемаграфиялық жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Оларды тек идеографикалық идея жасаған. Бас әріп жалқы есімдерді, неміс тілінде зат есімерді, сөйлем басын, мәтін тарауларын, бөлімдердің аттарын белгілегенде керек. Және қысқартуларда қолайлы” дейді.
Біздің зерттеулерімізде: әріп –графеманың реализациясы, жазудың тұрпат межесі. Бодуэн де Куртенэнің әріптер әртүрлі болғанмен, мазмұны біреу болып, өзгермеуін графема ұғымына теліген. Ал әріп –код таңбасы. Яғни ғалым әріпті таңба деп оның мазмұн межесі фонема, тұрпат межесі әріп бейнесі дейді. Таңба сол таңбаның тұрпаты болып шығады. Біздің ойымызша, әріп таңба емес, әріп –таңбаның бір жағы ғана, сонда графема –жазба тілдің кіші бірлігі екі жақты сипаты бар, мазмұн межесі фонема, тұрпат межесі әріп болып табылады.
Ғалымдар әріптің инвентарын анықтау үшін оның дифференциалды белгілерін шығаруға тырысады (Волоцкая, Молошная, Николаева). Мысалы, тік сызықты әріптер, көлбеу сызықты әріптер, дөңгелек тұрпатты әріптер т.б. Одан гөрі төл әріп, кірме әріп, қосақ әріп деген таптастырулардың графика мен әліпби сапасын анықтауда пайдасы бар.
Т.А.Амирова әріп –графеманың нақты реализациясы, фонема ауызша тілдің, графема жазба тілдің –тұрпат межесі дей отырып, графема әліпбидегі әріп санына қарағанда көп дейді. Автор ағылшын тілінде 26 әріп 104 графемалық символды құрайды, оның ішінде төрт элементке дейін графикалық символдар кездеседі дейді, оларға: a, ar, aa, air, aiqh, sch, ssi, sc, ph, th, qh, ae, ai, ea, ei, eo т.б. жатқызады. Бірде графема –инвариант, әріп –вариант десе, бірде графема –фонеманың әріптік бейнесі дейді. Сондықтан барлық уақытта графема әріпке сәйкес түсе бермейді, өйткені дыбыстық емес әріптер бар дейді. В.Фрэнсис қазіргі ағылшын тілінде 45 фонема -41 графема, Вийк 46 фонема -104 графема бар деген. Мәтінде графема әріп, әріптер тіркесі немесе графикалық тәсілдер мен комбинациялар арқылы көрінуі мүмкін дейді.
Әліпбидегі әріптердің фонеманы берудегі ұйымдасуы графика екені біраз ғалымдар тарапынан айтылды. Біздіңше, Т.А.Амированың жоғарыда айтып отырғаны да графика. Осы ізбен С.М.Кузьминада графема бір әріптен де, 2-3 әріптен де құралады, мысалы, /sch/-<ш>, /ть/-<т>, /я/-<иа>, барлық позицияда бір ғана фонеманы білдіретін f=ph, t=th, u=i, a:=as, o:=os деген графемалар барын айтады. В.И.Баллинская графемаларды қарапайым, күрделі және факультативті графемаларға бөледі. Қарапайым графемаларға бірмәнді (а, в, с), күрделі графемаларға әріптер тіркесінен тұратын графемаларды жатқызады. Сөйте тұрып, “фонема –ауызша тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі болса, графема –жазба тілдің мағына ажыртаатын ең кіші бірлігі” деген анықтама береді. Енді бірде графема –әліпбидің абстрактілі бірлігі, ол бас әріп, кіші әріп, жазба бас әріп, жазба кіші әріп ретінде өмір сүреді дейді. Бас әріп пен кіші әріп, біреуі кісі есімін, біреуі жалпы есім екенін білдіреді. Бас әріп пен кіші әріп бірдей дыбысталса да, олардың функционалдық мәні әртүрлі, сондықтан бұлар әртүрлі графема болып қарастырылуы керек деді.
Н.Уәлиұлы графема тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін кіші тұлғасы фонема мен жазба тілдің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші тұлғасы әріптің арасындағы қатынастың жиынтығы болып табылады, фонема мен графема –инвариант, дыбыс пен әріп вариант дейді. Сонымен, графема қазақ тілі жазба жүйесінің ең кіші абстракті бірлігі болып табылады. Ол әріп түрлері арқылы таңбаланады. Ал фонеманы әріп тіркесі арқылы беруді графема деп танитын жоғарыдағы ағылшынтілді зерттеулер әріптің графикалық тіркесуі туралы айтып отыр деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет