Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет64/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Емле принципі туралы. Қ.Жұбанов біздің орфография Т.Шонанұлы айтқан мағынадағыдай фонетикалық принципке құрылу керек. Бізде морфологиялық принцип пен фонетикалық принцип арасында флективті тілдердегідей үлкен айырмашылық болмау керек, бір түбірдің бірнеше формасы болу мүмкін емес, сондықтан қазақ орфографиясында түбір морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазылсын деген. Ғалым Е.Омаровтың кейінгі қазақ емлесі үшін ұсынған қосымшалардың ортақ формасын жазып, түркі халықтарының жазуларын унификациялап аламыз деген пікіріне абайлап қарау керек дейді, емлені тілдің сол кездегі қалпынан ғана шығаруды дұрыс санайды. Төңкеріске дейінгі қазақ тілінің нормасы мен кейінгі жаңа нормасын айыра білі керектігін ескерткен.
Қысаң езуліктің емлесі туралы. Қысаң, езулік ы,і дыбыс таңбалары туралы "Жанғазыға хатында" (1936 ж.) автор орыс тілінен енген сөздердегі ы,і- лерді қысқарту жағын көп ойластырды. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде ы,і таңбасын салып, екі буындыда түбіндегі қысаңды түсіріп жазуды ұсынады: біл-блек, қыр-қрау, ыс-стау. "Буын айыртуды есепке алма. Қандай емле болса да, соған қарай буын жігін таптыру методикасын шығаруға болады"дейді.
Әліпби жобасы. Қазақ тілі фонемалар санын анықтауда һ дыбысы одағайларда болғанмен, қазақ сөздерінде жоқ, ал одағайларда кездесетін дыбыстың неше бір саны бар , сондықтан бұл фоно-морф негізгі емес деп табады Қ.Жұбанов.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінің дәйекше қызметі бар мынадай жобасын ұсынады:

1 Aa <а> 11 Mm <м> 22 Xx <х>


2 Bb <б> 12 Nn <н> 23 Zz <з>
3 Cc <ш> 13 Ңң <ң> 24 Ъъ <ы>
4 Dd <д> 14 Oo <о>
5 Ee <е> 15 Pp <п>
6 Gg <ж> 16 Qq <қ>
7 Hh <һ> 17 Rr <р>
8 Ii <и> 18 Ss <с>
9 Kk <к> 19 Tt <т>
10 Ll <л> 20 U <ұ>
21 Yу <ү>
Сөйтіп, сөз жіңішкелігі е,к,g әріптерімен, болмаса дәйекші арқылы белгіленетін етеді.
Сонда бұрыңғы 13 таңба 7 таңбаға дейін қысқарған: а-<а>, <ә>, о- <о>, <ө>, у-, , т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет