Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 4. Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары



бет20/71
Дата15.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#123279
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 4. Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары.

4.1. «Үздіксіз білім беру» ұғымының мәні.

4.2. Педагогтың кәсіби іс әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні.

4.3. Педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық педагогикалық үдеріс субьектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі.

4.4. Педагогикалық рефлексия-өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.
1.«Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л. Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет». Тұлға бойында іскерлік пен біліктіліктің қалыптасуы оның барлық өмірін қамтуы тиіс. Қалыптасу – экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, педагогикалық және т.с.с. факторлардың әсер етуі нәтижесінде әлеуметтік мәнге ие тұлғаның жетілу үдерісі. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады. Бүгіні таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда. Осыған орай үздіксіз білім беруде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқытудың маңызы зор. Бұрынғы дәстүрлі білім жүйесінде білім мазмұны, көбіне оқушының сұранысына және қоғамның қажеттілігіне керек емес фактологиялық материалдармен ақпараттардың басымдылығымен сипатталатын болса, үздіксіз білім беру жүйесінде білім мазмұны қоғамның даму мәселелерін алдын ала бейнелеуге және жеке адамның жан-жақты дамуына бағытталған.
3. «Қарым -қатынас» және «іс-әрекет» үғымдары психологияньщ дербес бөлек салалары болып табьшады, дегенмен олардьщ арасьшда диалектикальщ озара байланыс бар. Сондай-ақ іс-әрекеттің кейбір түрлері қарым-қатынас заңцылықтары негізінде жүзеге асады. Сондай іс-әрекеттердің бірі- педагогикальщ іс-әрекет.
Қазіргі кезенде ақпарат алу түрлерінің барынша кең тараған дамыған шағында қарым- қатынас оқытудың маңызды тетігіне айналып отыр. Себебі қарым-қатынас білім мен дағдыны игеру, сараптау, іріктеу, меңгеру, қайта өңдеудің басты құралы больш табьшады.
Тәрбиелік немесе танымдық сипаты жоқ қарым-қатынасты көзге елестету қиьш. Соңғы жьшдары ғьшыми әдебиеттер мен практикада «педагогикалық қарым-қатынас» атты тың үғым кеңінен қолданыльш жүр. Ол белгілі педагогикалық функцияға негізделген оқытушы мен студенттің оқу және тәрбие процесіндегі кәсіби қарым-қатьшасы дегенді білдіреді. Аталмьпп қарым-қатынас, оқу іс-әрекетін оңтайландыруға, үжымдағы педагог пен білімгердің қатынасын, жалпы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатьшас - педагогикалық мақсаттағы педагог пен тәрбиеленуші арасьшдағы қарым-қатьшас.
Педагогикалық қарым-қатьшастың мәні, маңызы жөнінде педагогика саласьшда іргелі зерттеулер бар. Көптеген педагогтардьщ аньщтамасында педагогикалық қарым-қатьшас педагог пен тәрбиеленушілердің бір-біріне әлеуметтік-психологияльщ әсер етуінің бүтіндей жүйесі ретінде көрсетіледі. Оған ақпарат алмасу, тәрбиелік әсер ету, өзара қарым-қатьшасты үйымдастыру т.б. жатады. Оның барлығы коммуникативті әдістер арқьшы жүзеге асырьшады. Жалпы алғанда, педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық мақсаттағы педагог пен білім алушының арасындағы қарым-қатынас.
4. Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу. Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локк 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін,білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау .Рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады. Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзіні тұлғалық және кәсіби стереотиптері шығармашылықпен өзгерте алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет