Тақырып: №11 зертханалық жұмыс: Жасанды серіктер мен ғарыштық аппараттар. Мақсаты: Жасанды аспан денелерін ұшырудың теориялық негізін оқып үйрену.
Құралдар: Астрономиялық календарь, тригонометриялық функциялар кестесі, логарифмдік кестелер, микрокалькулятор.
Негізгі сұрақтар: табиғи және жасанды серіктер, ғарыштық аппараттар, бірінші және екінші ғарыштық жылдамдықтар, шектік жылдымдық, перигей, апогей.
Тапсырмалар: Күннің, Айдың, Жердің және ғаламшар немесе серігі: 1) Марстың 2) Меркурийдің, 3) Шолпанның, 4)Юпитердің, 5) Сатурнның, 6)Уранның, 7) Нептунның, 8) Плутонның, 9) Сатурнның серігі – Титанның ,10) Нептунның серігі- Тритонның, 11) Юпитердің серігі –Ганимедтің, 12) Юпитердің серігі –Каллистоның, 13) Юпитердің серігі –Ионың, 14) Юпитердің серігі – Европаның беттерінде дөңгелектік және параболалық жылдамдықтарды есептеу керек.
Осы денелердің бірінің бетінен 3,0; 8,0; 35,0 радиус қашықтықтарындағы дөңгелектік және параболалық жылдамдықты есептеңіз.
1,2 пункттердегі есептеулген шамалары салыстырып, олардың аспан
денесінің центерден қашықтығының өсуіне сәйкес өзгеруі жөнінде қорытынды жазу.
Перигейдің биіктігі мен айналыс периодының берілген мәндері бойынша орбитаның үлкен жарты өсін, эксцентриситетін, апогейдің биіктігін, перигейдегі, апогейдегі және ұшыру кезіндегі жылдамдығын есептеңіз:
1) «Восток» серігі (12 сәуір 1961 ж.) hq=181 км, Т=1ч.29м 1с.
“Восход-2”серігі (18 наурыз1965 ж.) hq=173км, Т=1ч.30м 9с.
Жердің 1-ші советтік жасанды серігі: (4 қазан 1957 ж.) hq=228 км, Т=1ч.36м 2с.
Жердің 3-ші советтік жасанды серігі:(15 мая1964 г.) hq=226 км, Т=1ч.46м 0с.
”Электрон-3” советтік ғылыми станциясы (11 шілде1964 ж.) hq= 405 км, Т=2ч.48м 2с.
6) ”Электрон-4” советтік ғылыми станциясы (11 шілде1964 ж.) hq= 459 км, Т=21ч.53м 9с.
7) ”Протон-2” ғылыми станциясы (2 қараша1965 ж.) hq= 191 км, Т=1ч.32м 6с.
1.Айдың, 2.Меркурийдің, 3. Шолпанның, 4. Жердің, 5.Марстың, 6.Юпитердің, 7.Сатурнның, 8.Уранның.маңында эксцентриситеті 0,15 эллипстік орбита бойымен периоды Т= 4сағат айналатын жасанды серіктің ұшыру жылдамдығын, биіктіктерінің өзгеру шектерін және орбиталық жылдамдықтын өзгеру шектерін табу.
Айдың жасанды серігінің төмендегі параметрлері бойынша кг есебімен және Жер массасы есебімен Айдың массасын анықтау керек.
Айдың Бірінші серігі Луна -10 ( 3сәуір 1966 ж.) hq = 350 км, hQ =1017км, Т = 2ч.58м.16с.
Айдың Бірінші серігі Луна -10 ( 3мамыр1966 ж.) hq = 361км, hQ =1007км, Т = 2ч.58м.16с.
Айдың екінші сері гі Луна -11 ( 28 тамыз1966 ж.) hq = 160 км, hQ =1200км, Т = 2ч.57м.39с.
Айдың үшінші сері гі Луна -12 (25 қазан1966 ж.) hq = 100 км, hQ =1740км, Т = 3ч.25м.00с.
Айдың төртінші сері гі Луна -14 (7 сәур1968 ж.) hq = 160 км, hQ =870км, Т = 2ч.39м.58с.
7. Ғарыштық аппараттың Жерден 1.Марсқа 2.Шолпанға 3.Юпитерге 4. Меркурийге 5. Сатурнге 6. Уранға 7. Нептунге 8. Плутонға дейін ұшуының ұзақтығын, сонымен бірге ең жай орбитасының үлкен жарты өсі мен эксцентриситетін анықтау керек?
8. Осы ғарыштың аппарат үшін Жерден ұшыруының бастапқы жылдамдығын және афелийдегі шарты жылдамдығың табыңыз
9. Жерден ғарыш аппаратының ұшырылатын күні және ғаламшармен жақындасқан күні ғаламшардың болатын геоцентрлік конфигурациясың анықтау.
10. 7-9 пункттер бойынша ғаламшардың ыңғайлы конфигурацияларын және ғарыштық аппараттың ең жай орбитасының эксцентриситетінің планеталардың геоцентрлік қашықтығынан тәуелділігі жөнінде қорытынды жасаңыз.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Климишин И.А. Астрономия наших дней. –М.: Наука. 1980, 456с.
Кенжалиев Д.И. Астрометрия, Орал 2007
Кенжалиев Д.И. Аспан механикасы, Орал 2007
Әбішұлы Х.,-Халық астрономиясы,-Алматы, Қазақ мем. Баспасы, 1959.
Андрианов Н.К., Марленский А.Д. Астрономические наблюдения в школе. –М. : Просвещение. 1987, 112с.
Өткізу формасы: «қара жәшік» әдісі жасанды серіктер мен ғарыштық аппараттарды оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері: Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы. Әдебиеттер: 4,11,17,25,34