Есептер мен жаттығулар
1. Қай фактордың (қысым, температура,катализатор) әсері:
СО2 (г)+С (к) ↔ 2CO (г) ∆Н°=159 кДж
Реакциясында орнаған тепе-теңдікті СО түзілуі жағына ығыстырады.
Шешуі:
Көміртек (ІІ) оксидінің (СО) түзілуі реакциясы эндротермиялық реакция екендігі оның энтальпиясының мәнінен көрініп тұр. Реакция нәтижесінде 1 моль газ тәрізді реагенттен 2 моль газ тәрізді өнім түзіліп тұр. Ле –Шателье-Браун принципі бойынша эндотермиялық реакция кезінде орнаған тепе-теңдік СО түзілуі жағына ығыстыру үшін температураны жоғарлату немесе қысымды төмендету керек.
2. Егер белгілі бір температурада бастапқы алынған 5 моль СО мен 4 моль Сl2әрекеттесуі нәтижесінде 1,5 моль СОС12 түзілген болса,онда:
СО(г) +Сl2 (г) ↔ COCl2
Процесінің тепе-теңдік константасы қандай болғаны?
Шешуі:
Химиялық реакция теңдеуі бойынша пропорциялар құрып, реагенттердің реакцияға түскен және артылып қалған мөлшерлерін, сонымен қатар түзілген өнімнің зат мөлшерін тауып, төменгі кестені толтырамыз:
|
СО(г)
моль
|
+
|
Сl2 (г)
моль
|
↔
|
COCl2
моль
|
Бастапқысы
|
5
|
+
|
4
|
↔
|
—
|
Әрекеттескені
|
1,5
|
+
|
1,5
|
↔
|
1,5
|
Қалғаны
|
3,5
|
|
2,5
|
|
1,5
|
Тепе –теңдік константасы:
kтура [COCl2] 1.5 моль/ л
К= ———— = ————— = —————————- = 0.17(моль/ л)-1
Kкері [CO] * [Cl2] 3.5 моль/ л* 2.5 моль/ л
3. Егер А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 секундтан кейін 0,215 моль/л болса, А+В=2С реакциясының орташа жылдамдығы қандай екенін есептеңіздер. Осы уақытта В затының концентрациясы қалай өзгерді?
(0,22-0,215) 0,005
Шешуі: υ(А) = —————— = —————— = 0,0005моль/л*с.
10 10
Реакция теңдеуі бойынша В затының концентрациясының өзгерісі А затының концентрациясының өзгерісіне тең.
2СО2 ↔ 2СО + О2 реакциясы үшін 2000°С температурада тепе-теңдіктегі қоспадағы заттардың көлемдік үлестері, %: 85,2СО2 ; 9,9СО және 4,9О2 болса, жүйенің жалпы қысымы 1,013×105Па болса, а. реакцияласатын заттардың парциалды қысымдары арқылы көрсетілген (Кр); б.молярлы концентрациялары арқылы көрсетілген (Кс) тепе-теңдік константалары нешеге тең?
Шешуі: газдың парциалды қысымы жалпы қысымды қоспадағы газдың көлемдік үлесіне көбейткенге тең: а) р(СО2) = 1,013×105 ×0,852 = 0,863×105Па;
б) р(СО) = 1,013×105 ×0,099 = 0,1×105 Па; в) р(О2) = 1,013×105 ×0,049 = 0,050×105 Па; Кр =
р(СО)2 × р(О2)/р(СО2)2 = 67,1Па; Кс = Кр /RT = 67,1/8,31×2273 = 3,6×10-3моль/л. Кр мен
Кс арасындағы байланыс идеал газдар үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуі арқылы
көрсетіледі: Кр = Кс(RT)▲n, мұндағы ▲n – реакция нәтижесінде түзілген газ тәріздес
заттардың моль саны мен реакцияға түскен газ тәріздес заттардың моль сандарының
айырымы,осы реакция үшін ол
▲n = 3 – 2 = 1 болады.
5. Газ тәріздес мына заттар А + 2В = C әрекеттескенде, тепе-теңдік ол заттардың концентрациялары сәйкесінше мына сандарға тең болғанда 0,06моль/л, 0,12моль/л, 0,216моль/л орнаған болса, реакцияның тепе-теңдік константасын және А мен В заттарының алғашқы концентрацияларын табу керек.
Шешуі: К = [С]/[А]× [В]2 ; К = 0,216/0,06×(0,12)2 = 2,5. 1моль А және 2моль В заттарынан 1моль С заты түзіледі. Есеп шарты бойынша жүйенің әр литрінде 0,216моль С заты түзіледі, сонда 0,216моль А және
0,216×2 = 0,432моль В заты түзіледі. Олай болса, алғашқы концентрациялар
[А]0 = 0,06 + 0,216 = 0,276моль/л; [В]0 = 0,12 + 0,432 = 0,552моль/л.
6. Қайтымды реакция үшін ▲G298 а) 5,714кДж/моль; б) – 5,714кДж/моль болса, 250С температурада тепе-теңдік константасы қанша болады?
Достарыңызбен бөлісу: |